Алдауды қалай тануға болады?
Біз алаяқтық пен қаржы пирамидаларының ең көп тараған белгілерін жинадық. Егер Сізге осындай мазмұндағы хабарламалар немесе ұсыныстар түсіп жатса, шешім қабылдауға асықпаңыз! Бізге хабарласыңыз!
Қаржылық қауіпсіздігіңіз үшін сақ болу керек, егер:
Тауарды сату, қызметті көрсету тек қана telegram-арна немесе мессенджерлердегі чаттар арқылы жасалса.
Жарнамада тендерлерге, бизнеске салымдар жасауға, құнды қағаздармен саудалап немесе криптовалютамен табысы кепілдендірілген инвестициялар жасау ұсынылса.
«Ақшаны көбейтуге» немесе бизнес-жобаға салымды рәсімдеу үшін, пайызбен несие шартын жасау ұсынылса.
Жарнамада тотализаторға, онлайн-казиноға, кіріс кепілі бар ойындарға ақша салу ұсынылса.
Жарнамада нарықтағы бағадан төмен, не үлкен жеңілдікпен тауарлар, жұмыстар ұсынылады, немесе мүлікті (көлік, жылжымайтын мүлік) бөліп төлеуге нарықтағы бағадан жоғары сатып алуға уәде берілсе.
Тауарды сату, қызметтерді көрсету үшін 100% алдын ала төлем жасауды сұраса, бұл ретте компанияның кеңсесі болмаса және ресми шарт жасасудан бас тартса.
Сіздің жеке деректеріңізді, банктік шоттар мен карталардың деректемелерін, құпия сөздерді (смс-кодтар) сұраса, Сіздің атыңызға несие рәсімдеу, рұқсатсыз ақша аударып алу, банктік қосымшаңызға кіру қауіпі бар.
Сатып алулардан «кешбек» (cashback) түрінде үлкен қайтарым пайызы бар банк картасын рәсімдеу мақсатында банк қосымшаларына кіру үшін дербес деректеріңізді, банк шоттарыңыз бен карталарыңыздың деректемелерін, құпия сөздерді (смс-кодтарды) сұраса.
Сіз электронды алаңдарда (OLX, Satu, т.с.с.) тауарлар сатқан кезде, сатып алушы Сіздің дербес және төлем деректеріңізді енгізуді қажет ететін тауар жеткізу үлгісін толтыруды сұраса.
Тартымды шарттармен құрылысқа үлескерлікпен қатысуды ұсынады, бірақ тұрғын үй кооперативінде, салушыда мыналар жоқ болады:
1) тұрғын үй құрылысының жер теліміне құжаттар;
2) Бірыңғай оператормен кепілдік шарты немесе Әкімдіктен алынған үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты.
Қаржы қызметін атқаруға лицензиясы жоқ болса, лицензияның бар-жоғын мына сілтеме бойынша өтіп, тексеруге болады.
YouTube немесе әлеуметтік желілердегі жарнамаларда «несиеден құтыл!», «кепілді пассивті кіріс!» деген үндеулер болса, Сізді Telegram-арнаға жазылуға жібереді, онда, әдеттегідей, алаяқтар тотализаторларға (ойындарға) немесе Forex, не қор биржалары саудасына қатысу үшін ақша салуды ұсынады. Тіпті теңгерім көрсетілген «жалған» шотын ашып беруі мүмкін. Бұл арнада өте үлкен төлемдер алған адамдардың пікірлерінің скриншоттарын немесе алғыс білдіріп жатқан бейнежазба пікірлерді көрсетеді.
Салымшылармен байланыс бәсекелестікті, жобаның табысты тобын құру рухын қолдайтын, «миллионерлер» өмір салтын насихаттайтын мессенджерлердің чаттарында жүрсе.
Жарнамада ұтылыссыз ақша табу тәсілдерін, мысалы, қор және криптовалюта биржаларында сауда жасауға арналған сауда платформалары мен қолданбаларын әзірлеген тәрізді, әйгілі әлемдік брендтер (Tesla, Apple, Mastercard және т.б.) пайдаланылады.
Қандай да бір миллионер, бизнесмен, банк шотының иесі, өзінің өлім алдындағы еркі орындалып, ақшасы қоғамның экологиялық, әлеуметтік мұқтаждығына жұмсалуы үшін Сізге мұраға ақша қалдырғысы келсе.
Сізге лотерея, сыйлықтар, туристік саяхат ұтқаныңызды хабарлап және оны алу үшін дербес деректеріңізді, банк шоттарыңыз бен карталарыңыздың деректемелерін, банк қосымшаларына кіру үшін құпия сөздерді айтуыңызды сұраса.
Жарнамада коллекторлік немесе факторингтік компаниялар несиелерді төлемеуге шақырып, Сіздің қарыздарыңызды банктерден, микрокредиттік ұйымдардан атаулы құнынан ең аз сомаға сатып алып, Сізге кішігірім үстеме бағамен сатуды ұсынса.
Жарнамада несие берушілердің базасынан (банктер, МҚҰ және т.б.) немесе несиелік бюролардың базасынан несие тарихын «өшіріп тастауды», жоюды ұсынса.
Сіздің туысыңызға, жақын адамыңызға немесе өзіңізге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлап (ЖКО немесе өзге де құқық бұзу), тұтқынға алу, еркіндіктен айыру қатері бар, сондықтан мәселелерден құтылу үшін, белгілі бір ақша сомасын ШҰҒЫЛ аудару қажет десе.
Ығыр қылатын қоңыраулар немесе табыс туралы күмәнді ұсыныстар түседі ме? «Маңызды-пайдалы» бөлімін оқып шығыңыз немесе бізге хабарласыңыз
Біздің қызметтеріміз тегін