Сіздің оқиғаңыз

Егер сіз Пирамидаға немесе алаяқтықтың басқа бір түріне тап болсаңыз — бізге өз оқиғаңызды баяндап беріңіз. Бұл басқа адамдарға осыған ұқсас жағдайда дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі.

Сіздің оқиғаңыз
Гульнара Кадырованың оқиғасы
Менің есімім Гүлнара Қадырова. Мен «Гарант 24 Ломбард»-қа билборд пен Instagram-дағы жарнама арқылы келдім. Мен жолдасымды біздің көлікті бөліп төлеуге сатып, сол жерден жеңілдікпен жаңасын сатып алуға көндірдім. Мен Instagram-дағы әр түрлі ақпараттарды зерттедім, жақсы пікірлер болды, біздің қазақстандық жұлдыздар бұл жарнамада «жарқырап» тұрды. Мен әпкемді бізбен бірге инвестиция салуға көндірдім. Әпкеммен бірге біздің салым 7 200 000 теңгені құрады. Содан кейін, бізге төлем жасалмаған соң, жолдасым: «Ақшаңды қайда салдың, бұл алаяқтар ма?!» – деп айқайлады. Әлі есімде, біз олардың кеңсесіне келдік, оған көп адам жақындай алмады, адамдардың бәрі ашулы болды. Әпкем бұл күйзеліске әрең шыдады, біз қазір араласпаймыз. Менде тағы несие болды, бірақ қазір мерзімі өтіп кетті. Қылмыстық іс арқылы келтірілген зиянды қайтаруға әлі де үміт бар, бірақ қазір тәркіленген мүліктер мен ақшалар өте аз мөлшерде екенін жәбірленушілердің барлығы түсінді … Іс жүзінде мүмкіндік жоқ. Бірнеше ай болды, жолдасыммен ажырасуға аз қалдым … Бұл мен үшін қорқынышты сабақ …
Екатерина Хейнц-тің оқиғасы
Менің есімім Екатерина Хейнц, мен Finiko туралы құрбымнан білдім. Ол компанияға салым салғанын және 4 айда автокөлік алуды жоспарлап отырғанын айтып, маған бейнеконференцияны көруді ұсынды. Мен қарадым, бәрі өте «керемет» болып көрінді, 100 000 рубль салып байқап көруді шештім. 4 айдан кейін бұл сома екі есе өсті. Анықталғандай, 80 000 рубль үстеме ақы алдым, мен бұл соманы қолма-қол ақшаға айналдырып, өмір сүру жағдайымды жақсарту үшін көбірек инвестиция салуды шештім, себебі менің үш балам бар. Мен пәтерімді сатып, бәрін Finiko-ға салдым. Солай тұрғын үй бағдарламасына кірдім. Finiko құлаған кезде, біз бәрінен айырылдық. Енді біз тек соңғы ай пәтер жалдап тұрамыз, мүмкін көшеде қалатын шығармыз. Менің балаларым 9, 6 және 3 жастағы кішкентай балалар. Мен компания жұмыс істейтініне сонша сенімді болғандықтан, 1 500 000 рубль-ге несие алдым. Жолдасымның 52 000 рубль жалақысы аз, менің жұмыс іздеп жүргеніме үш ай болды. Бізге несие төлеуге, үй жалдауға ақша жетпейді. Одан да үлкен мәселе – мен достарымды осы компанияға алып келдім, олар да несие алып, инвестиция салды. Қазір қылмыстық іс тергелуде, бірақ, бәрі ақшаны қайтарып алуға мүмкіндік жоқ – дейді …
Альбина Қуанышева, ЖОО студенті
Мен оқуымды былтыр бітірдім, жұмыс таба алмадым. Менің досым сату менеджері болып жұмыс істеуді ұсынды, бірақ алдымен маған 40 000 теңгеге криптовалюта саудасы бойынша оқу материалдары мен тренингтер пакетін сатып алу керек болды. Мен оны байқап көруді шештім, оқу материалын сатып алдым және криптовалюта бойынша оқуды аяқтадым. Содан кейін олар маған байланыс дерекқорын беріп және оларға қоңырау шалуды, солай клиенттерді ZOOM бейнеконференцияларына немесе кеңсеге шақыруды айтты. Бейне-конференция кезінде және кеңседегі кездесулерде тәжірибесі көп қызметкерлер клиенттерді тренингтерден өтуге және ай сайынғы пайыздық төлемдермен желілік маркетингте «іскерлік орындарды» сатып алуға үгіттеді. «Танысыңды әкел» принципі бойынша клиенттерді тарту мәселесі бөлек талқыланды, ақшалай бонус немесе бағалы сыйлық алу үшін бонус берілді. Барлық клиенттерге негізгі кәсіп криптовалюта саудасы екені айтылды. Әр қатысушының міндеті – мүмкіндігінше көп адамдарды тарту. Жаңадан келгендер «жалақы қатары» – төменгі сатысында болды. Олардың функциясы депозиттерді салу болып табылады, олардың есебінен бір саты жоғары адамдарға пайыз төленеді. Салымшылардың салымдары ақшамен емес, криптовалюта бойынша жүргізілді. Клиент криптовалюта сатып алды, содан кейін оған «іскерлік орын» сатып алады. Кейбір аға қызметкерлер мен VIP клиенттер автокөлік, пәтер сатып алды, шетелге саяхаттады, сыйлықтар алды. Мен онда ұзақ тұрмадым – бір айдан кейін кетіп қалдым. Кейінірек, алты айдан кейін мен жаңалықтардан репортаж көрдім, сол кеңсенің жанында үлкен кезек тұрды, полиция папкалары бар қораптарды шығарып жатқанда, адамдар айқайлап ашуланды. Бұл құлаған қаржылық пирамида екені белгілі болды …