ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫНАН ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-Алаяқтықтан ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ
Құрметті Қазақстандықтар! Қаржы қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бірге ұғып алайық және қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтардан иммунитет қалыптастырайық. Білімді игілігімізге жаратып, жинақ ақшамыз бен мүлкімізді сақтап қалайық.

ЫҒЫР ҚЫЛАТЫН ҚОҢЫРАУЛАР НЕМЕСЕ ТАБЫС ТУРАЛЫ КҮМӘНДІ ҰСЫНЫСТАР ТҮСЕДІ МЕ?
👉«МАҢЫЗДЫ-ПАЙДАЛЫ» БӨЛІМІН ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ НЕМЕСЕ БІЗГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
біздің қызметтеріміз тегін
ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ІРІ САТЫП АЛУЛАР ТУРАЛЫ КЕЗ-КЕЛГЕН ШЕШІМДІ БАЙСАЛДЫ, ЕСЕППЕН, САБЫРЛЫ КҮЙДЕ ҚАБЫЛДАҢЫЗ.
Егер сізге мыналарды ұсынып жатса:
Кепілді пассивті табыс табу үшін тартымды салымдар жасау
Пәтер немесе автокөлік ретінде ұтыс алу үшін ақшалай жарна жасау
Өнімді үлкен жеңілдікпен немесе нарықтық бағадан айтарлықтай төмен сатып алу
АСЫҒЫСТЫҚ ПЕН ҚҰМАРЛЫҚТЫ АЛЫП ТАСТАҢЫЗ
Stop-Piramida.kz жобасына хабарласыңыз, біз мәселенің басын ашуға көмектесеміз. Сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз үшін
👉«МАҢЫЗДЫ-ПАЙДАЛЫ» бөліміндегі біз жинаған пайдалы ақпараттарды оқыңыз. Сіздің біліміңіз жинақ ақшаңызды қорғайды.

2020-2021 жылдары Қазақстанда алаяқтықтан шеккен залал болды.
«Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасынан зардап шекті. Залал 30 миллиард теңгені құрады.
АЛАяҚТЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының лицензиясы жоқ.
Компанияның веб-сайты болмайды, байланыс тек қана мессенджерлер немесе Instagram чатында жүреді.
Мемлекеттік сатып алуларға немесе табысы белгіленген тендерлерге арналған инвестициялар.
Жарнаны криптовалюта немесе үшінші тұлғаның деректемелеріне ақшалай салуды сұрайды.
Көбірек ақпарат «МАҢЫЗДЫ-ПАЙДАЛЫ» бөлімінде.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨЗ БЕТІМЕН ТЕКСЕРУ ҮШІН РЕСМИ РЕСУРСТАР
Сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз үшін, ЖСН, БСН арқылы немесе сатушының, қаржылық ұйымның, жарнама берушінің атауы бойынша ақпаратты өз бетімен тексеруге болатын пайдалы ресми интернет-ресурстарды пайдалансаңыз болады.
Осы интернет-ресурстарға кірген кезде Пайдаланушы келісімін, Дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі ережесін және Өтініштерді беру ережелерін міндетті түрде оқып шығыңыз.

Сот даулары, шетелге шығуға салынған тыйымдар, сот орындаушыларына тапсырылған борыштардың болғаны, лицензиялардың жоқ болуы, қозғалған қылмыстық істердің болуы контрагенттің, жарнама берушінің, сатушының сенімсіздігін дәлелдей алады.
Сұрақтар туындаған болса, бізбен хабарласыңыз, біз Сізге көмектесуге тырысамыз.

Біз қазақстандықтарды қаржы алаяқтарынан қорғап, олардың өз жинақ ақшасы мен мүлкін ойланып басқаруына көмектескіміз келеді.
БІЗБЕН БАЙЛАНЫСЫҢЫЗ
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 010000, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1, офис 518
[yop_poll id=»1″]
2022 © Stop Piramida. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайтта орналастырылған кез келген материалдарды пайдалану Stop-Piramida.kz сілтеме жасау шартымен ғана рұқсат етіледі.
Пайдаланушы келісімі
Өтініштерді беру ережелері
Дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі ережесі