STOP-PIRAMIDA.KZ веб-сайтының Пайдаланушы келісімі

Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – «Келісім» немесе «Пайдаланушы келісімі») stoppiramida.kz веб-сайтының Операторы мен Интернет желісінің пайдаланушысы («Пайдаланушы») болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның арасындағы Пайдаланушы осы Келісімге ҚР Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес қосылған, http://stop-piramida.kz/ Интернет-ресурсын осы Келісімде көрсетілген шарттармен пайдаланған жағдайда туындайтын қатынастарды реттейді.  

Пайдаланушының stoppiramida.kz пайдалануға, соның ішінде контентті іздеуге, қарап шығуға немесе өтінім/өтініш беруге, пікір қалдыруға бағытталған кез-келген іс-қимылдарды жасауы,  stoppiramida.kz байланыс нысандары, мессенджерлер арқылы және/немесе  info@stop-piramida.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуі, stoppiramida.kz  функционалдылығын пайдалану бойынша өзге де іс-қимылдары Пайдаланушының осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын толық және сөзсіз қабылдауының растамасы болып табылады, соған байланысты осы Келісім оған қосылу арқылы жасалған болып саналады.

Пайдаланушы келісімін Оператор кез келген уақытта Пайдаланушыға арнайы хабарлаусыз өзгерте алады. Пайдаланушы келісімінің жаңа (өзгертілген) редакциясы, егер Оператор тікелей өзгеше көрсетпесе, оны stop-piramida.kz-те орналастырған сәттен бастап күшіне енеді. Пайдаланушы келісімінің қолданыстағы редакциясымен жүйелі түрде танысу Пайдаланушының міндеті болып табылады.

Пайдаланушы келісімінің жаңа (өзгертілген) редакциясын жариялағаннан кейін stop-piramida.kz-ті пайдалану Пайдаланушының онымен келіскенін және оған қатысты Келісімнің жаңа (өзгертілген) редакциясының толық көлемде қолданылатынын білдіреді.

Осы Пайдаланушы келісімінің қолданыстағы редакциясын https://stop-piramida.kz/kk/zhoba-turaly/  мекенжайы бойынша көруге болады.

  1. Терминдер және анықтамалар

Осы Пайдаланушы келісімінде көрсетілген терминдердің мағынасы төмендегідей:  

  • Автор https://stop-piramida.kz/kk/zhoba-turaly/ мекенжайы бойынша  http://stop-piramida.kz/ веб-сайтының «ЖОБА ТУРАЛЫ» парақшасында көрсетілген жеке тұлға.
  • Өтінім/Өтініш — Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Өтініш беру ережелеріне сәйкес Операторға жіберілген, stoppiramida.kz-те баяндалған тақырыптама бойынша Пайдаланушының ақпараттық хабарламасы.
  • Оператор — «Қазақстанның Қаржы мәдениеті» қоғамдық қоры, БСН 211140008252.
  • Пайдаланушыайдаланушылар) — Интернет желісінде, соның ішінде stoppiramida.kz-те ресурстарды пайдаланатын және оларға кіретін жеке немесе заңды тұлға.
  • Пайдаланушы келісімі— осы Келісім, https://stop-piramida.kz/kk/zhoba-turaly/   мекенжайы бойынша орналасқан Өтініштерді беру ережелері және stoppiramida.kz жұмысын регламенттейтін немесе Сайтта жарияланған ақпарат пен Сервистерді пайдалану тәртібін анықтайтын басқа да ережелер мен құжаттар.
  • Ұйымды тексеру – заңды негізде қолжетімді ақпаратты іздестіру, өңдеу, талдау процедурасы және оны Оператордың Пайдаланушыдан келіп түскен өтінімнің/өтініштің негізінде немесе өз бетінше болуы мүмкін қаржылық тәуекелдерді, шығынның пайда болу, мүліктен айрылу тәуекелдерін анықтау үшін жүргізетін, біреуді немесе бір нәрсені сенімсіздендіру мақсатын көздемейтін, тек қана ұсынымдық сипатта субъективті бағалау.
  • Сервистер— Пайдаланушылар үшін stoppiramida.kz-те, https://t.me/stop_piramida_kz_bot телеграмм-ботта қолжетімді болып табылатын, Пайдаланушыларды ақпараттандыруға, олардың ой-өрісін кеңейтуге арналған функционалдық мүмкіндіктер, мәтіндік және аудиовизуалдық материалдар.
  • Шеттегі сервистер – Осы Пайдаланушы келісіміне № 1 Қосымшада көрсетілген Интернет-ресурстары stoppiramida.kz Сервистері болып табылмайды және Қазақстан Республикасының заңнамасы, оған қоса Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасы бойынша, және Интернет-ресурстар деректерінің жұмысын және олардың жеке және заңды тұлғалармен өзара қатынастарын регламенттейтін шарттық құжаттамаға сәйкес Пайдаланушының қолдануына жатады.  
  • Stoppiramida.kz немесе Сайт — байланысты деректер жиымынан: мәтіндік, визуалдық ақпараттан, зияткерлік меншік объектілерінен (соның ішінде ЭЕМ арналған бағдарламалардан, бастапқы кодтардан, деректер базасынан, интерфейсті графикалық безендіруден (дизайн), логотиптерден және т.б.) құралатын, Интернет желісіне қосылған әртүрлі пайдаланушы құрылғыларынан, : http://stop-piramida.kz/  мекенжайы (оған қоса аталған мекенжайларға жататын келесі деңгейлер домендері) бойынша веб-парақшаларды (браузер) қарап шығуға арналған арнайы бағдарламалық жасақтама арқылы қол жеткізуге болатын, бірегей мекенжайы бар интернет-ресурс. Бұл ретте Оператордың зияткерлік меншік объектілеріне сілтемелері stop-piramida.kz-те Пайдаланушыға ақпарат беру үшін ғана орналастырылған деректер базалары, веб-сайттар, әлеуметтік желілердегі парақшалар/аккаунттар, мессенджерлер мен бейнехостингтердегі арналар/чаттар, үшінші тұлғаларға тиесілі жаңалықтар туралы жарияланымдар жатпайды. stop-piramida.kz-те орналастырылған, иелері көрсетілген (тікелей, мәтіндік ескертулер немесе интернет-ресурстардағы дереккөздерге, арнаға, мессенджерлердегі чатқа сілтемелер арқылы) мұндай авторлық/айрықша және басқа да құқықтар объектілері Пайдаланушыға тек қана ақпараттық, танымдық мақсаттарда ұсынылады.
  • Мәліметтер— анықтығына Пайдаланушы кепілдік беретін, Пайдаланушының Операторға Сайттың Серверлерін пайдалануына байланысты ұсынатын материалдары және ақпараты.
  • Уәкілетті мемлекеттік органдар (уәкілетті органдар) – Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты/есеп беретін орталық мемлекеттік органдар және олардың бөлімшелері, орталық атқарушы органдар және құзыретіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: заңға сәйкестікті қадағалау, азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, әртүрлі экономика салаларындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, салықтық саясатты іске асыру, қылмыстық-процессуалдық заңнама және жедел-іздестіру қызметі туралы заңнама бойынша құқық қорғау қызметін жүзеге асыру, қаржы нарығын қадағалау және реттеу, қаржы мониторингі, экономикалық тергеулер, ақпараттық саясат, қоғамдық даму функциялары және бекітілген құқықтық мәртебелер мен құзыреттерге қарай басқа да функциялар жататын бөлімшелері.
  • Байланысу нысаны, электрондық пошта, мессенджер – Оператордың Пайдаланушыға ұсынатын Сайттағы stop-piramida.kz және телеграммботтағы https://t.me/stop_piramida_kz_bot пайдалануына байланысты коммуникациялар тәсілі.
  1. Жалпы ережелер. Сайттың сервистеріне қол жеткізу

2.1. Оператор Пайдаланушыға осы Келісімнің шарттарымен stop-piramida.kz-те қол жеткізуге болатын сервистерді және Шеттегі сервистерге сілтемелерді пайдалануды ұсынады. Жекелеген stop-piramida.kz сервистерін пайдалануға қатысты Оператор қосымша шарттарды, ережелерді және шектеулерді белгілеуі мүмкін. Stop-piramida.kz кез келген уақытта Сервистерді ұсыну шарттарын қайта қарауға немесе өзгертуге, толықтыруға, өзгертуге, шектеуге, Сайттың және/немесе Сервистердің функционалдық мүмкіндіктерін, соның ішінде Пайдаланушының Сервистерге немесе Сайттың жекелеген функционалдық мүмкіндіктеріне қол жеткізу шарттарын кеңейтуге құқылы.

2.2. Сервистер Пайдаланушыға тегін ұсынылады. Stop-piramida.kz  Пайдаланушыға қандай да бір қаржылық және басқа да өнімдерді, қаржылық және басқа да ұйымдарды немесе интернет-ресурстарды, блогтарды, подкасттарды, әлеуметтік желілердегі парақшаларды, арналарды, мессенджерлердегі чаттарды, Сайтта сілтемелері берілген немесе Оператордың жария ақпараттық ресурстарда кез келген түрде көрсеткен бейнехосттарды жарнамаламайды, себебі олар тек қана ақпарат беру мақсатында қолданылады. Пайдаланушы өзі тұтынатын ақпараттық және басқа кез келген өнімдерді өзі таңдайды, Пайдаланушы мұндай таңдау үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Пайдаланушының сатушылармен, қаржылық және кез келген басқа өнімдерді берушілермен кез келген өзара қатынастары, қаржылық және басқа да ұйымдармен немесе интернет-ресурстармен, олардың иеленушілерімен/әкімшілерімен, блогерлермен, әлеуметтік желілердегі парақшалардың/пабликтердің, арналардың, мессенджерлердегі, бейнехостингтердегі чаттардың иеленушілерімен/әкімшілерімен өзара қатынастары Пайдаланушының оларды тұтынуға өз бетінше шешім қабылдауын болжайды. Оған қоса, бірақ онымен шектелмей, Сайттағы кез келген интернет-ресурстарға, блогтарға, жарияланымдарға, жаңалықтарға және т.б. сілтемелер Пайдаланушы үшін тек қана ақпараттық-танымдық сипатқа ие болып табылады және Оператор олардың мазмұны, Пайдаланушы қабылдаған кез келген шешімдер үшін жауапкершілік көтермейді.

2.3. Жекелеген Сервистерді ұсыну осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын арнайы ережелермен және/немесе келісімдермен, соның ішінде Өтініш беру ережелерімен, өзге шарттармен және ережелермен, жазбаша немесе электрондық нысанда жазылған, Пайдаланушы осы Келісімге сәйкес қосылған жеке келісімдермен реттелуі мүмкін. Осы Пайдаланушы келісімінің мәтіні мен арнайы ережелердің және/немесе келісімдердің мәтіндерінің арасында қарама-қайшылықтар немесе сәйкессіздіктер болған жағдайда соңғысы пайдалануға жатады.

2.4. Пайдаланушының Сайтты пайдалану, оған қоса Сайтта орналастырылған ақпаратты және https://t.me/stop_piramida_kz_bot телеграмм-ботты қарап шығу Пайдаланушының осы Пайдаланушы келісімімен келіскенін және Пайдаланушының Сервистерді пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындау міндеттемелерін, сондай-ақ Сайтты пайдаланумен байланысты іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті өзіне алғанын білдіреді.

2.5. Stop-piramida.kz және https://t.me/stop_piramida_kz_bot телеграмм-ботқа қол жеткізе отырып және осылайша осы Пайдаланушы келісімін жасаса отырып, Пайдаланушы келісімін жасасу және орындау үшін қажетті барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие болып табылатынына, соның ішінде кәмелетке толғанына және толықтай әрекетке қабілетті тұлға, немесе уәкілетті органның шешімі бойынша толығымен әрекетке қабілетті (эмансипация) деп жарияланған кәмелетке толмаған тұлға немесе он төрт жасқа толған және өз ата-анасынан және басқа заңды өкілдерінен заңмен талап етілген нысанда Пайдаланушы келісімін жасасуға жазбаша рұқсат алған кәмелетке толмаған тұлға болып табылатынына Пайдаланушы кепілдік береді.  Stop-piramida.kz кез келген уақытта Пайдаланушыдан жоғарыда көрсетілгендей құқықтары мен өкілеттіктерін растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынуын талап етуге құқылы.

2.6. Stop-piramida.kz-те ұсынылатын Сервистер Пайдаланушыға алдын ала хабарлаусыз кез келген уақытта өзгертілуі, толықтырылуы, жаңартылуы, үлгісін және функционалдық мүмкіндіктер сипатын өзгертуі мүмкін, соған байланысты оларды «дәл осы күйде» режимінде, яғни Пайдаланушы Сервистерге жүгінген кездегі Оператор ұсынған түрде және көлемде пайдалану ұсынылады.  Оператор қажет болған жағдайда өз қарап білгенінше жалпы барлық Пайдаланушыларға немесе жеке бір Пайдаланушыға Сервистерді ұсынуды, негізінен, алдын ала хабарлаусыз тоқтатуға (уақытша немесе толықтай) құқылы.

2.7. Пайдаланушы Оператордың қызметкерлеріне, соның ішінде телефон арқылы сөйлесу, электрондық пошта, мессенджер және байланыс нысаны арқылы хат жазысу барысында балағат сөздерді немесе қорлау, жала жабу, адамның қадір-қасиетін кемсіту деп бағалауға болатын өзге сөздерді қолдану сияқты дөрекі және әдепсіз қылық көрсеткен және Оператордың қарап білгенінше басқа да жағдайда Оператор Пайдаланушыны бұғаттауға/елемеуге құқылы.

  1. Сайтта тіркелу, Пайдаланушы тексеру/сәйкестендіру

3.1. Stoppiramida.kzте орналастырылған ақпаратты қарап шығу Пайдаланушыны тіркеуді және/немесе авторландыруды талап етпейді, алайда мұндай іс-әрекеттерді жасаған кезде Пайдаланушы қалай болғанда да Пайдаланушы келісімінің ережелерін сақтауға міндетті.

3.2. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының 36-бабы 5-1 тармағының талаптарын орындау үшін осы Келісімді орындайтынына кепілдік береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының жоғарыда көрсетілген нормалары мен осы Келісімнің ережелеріне қандай да бір кедергінің жасалуы немесе сақталмауы үшін толықтай құқықтық жауапкершілік көтереді.

3.3. Қажет болған жағдайда Оператордың қарап білгенінше, Оператор Сайтта Пайдаланушыларды міндетті тіркеуді жүргізуі мүмкін, мұндай жағдайда Пайдаланушы   stoppiramida.kz-те Тіркеуден өткен соң барлық немесе жекелеген Сервистерді пайдалануға құқылы.

3.4. Пайдаланушының өтінімдерін/өтініштерін қараған кезде Оператор өз қарап білгенінше Пайдаланушыны аудио-бейнебайланыс арқылы, Пайдаланушының жеке басын растайтын құжаттарды беруі арқылы немесе Оператор дұрыс деп табатын өзге тәсілдермен тексеруді/сәйкестендіруді жүргізуге құқылы.

  1. Пайдаланушылардың ұсынатын мәліметтері, пайдаланушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу

Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы N 94-V Заңына сәйкес Пайдаланушылардың дербес деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел көш., 10 мекенжайы бойынша орналасқан Оператор өңдейді.

4.1. Stop-piramida.kz-те Сайтты және/немесе байланысты Сервистерді және/немесе құралдарды пайдалана отырып, Пайдаланушы Операторға пайдаланушының аты-жөні, тұратын мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, басқа байланысатын ақпарат, ірі-мекенжайлар сияқты деректерді, Пайдаланушының stop-piramida.kz Сервистерін пайдалану барысында қажет болуы мүмкін басқа да деректерді жинауына және өңдеуіне, соның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға және өзге үшінші тұлғаларға берілуіне келісімін береді. Пайдаланушы Операторға Пайдаланушы туралы дербес деректерді және басқа да мәліметтерді (Пайдаланушының аты-жөні немесе лақап аты, электрондық пошта мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, сондай-ақ Пайдаланушы ұсынған, соның ішінде stop-piramida.kz-те интерфейстегі кері байланыс нысаны арқылы келіп түскен хабарламаларда және түсіндірмелерде көрсетілген басқа кез келген, соның ішінде хабарламаларда көрсетілген ақпарат) беру туралы шешімді өз бетінше және ерікті түрде қабылдайды. Сондай-ақ Пайдаланушының үшінші тұлғаларға дербес деректерді трансшекаралық беру туралы келісімін Пайдаланушы береді.

4.2. Оператор өз қарап білгенінше ақпаратты, Пайдаланушының Мәліметтерін, өтініштердің/өтінімдердің мәтіндерін және Пайдаланушы, Пайдаланушының Сайттағы белсенділігі туралы кез келген өзге ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органдарға олардың заңнамада көзделген өкілеттіктерін орындауы мақсатында жіберуге, сондай-ақ Пайдаланушының өтінішін қараудан бас тартуға құқылы.

4.3. Пайдаланушыларды сайтта міндетті тіркеуді енгізген кезде Оператор электрондық поштаның өзекті мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, аты, тегі, әкесінің аты, телефон нөмірі сияқты белгілі бір ақпаратты және басқа да ақпаратты, соның ішінде жеке кабинетке немесе stop-piramida.kz-те белгілі бір Сервистерді пайдалану кезінде жүктелуі мүмкін фотосуреттерді сұрата алады.

4.4. Сайт және https://t.me/stop_piramida_kz_bot телеграмм-бот жұмысының аясында Оператор Пайдаланушылардың сұрау салу/өтініш беру және қажет болғанда кері байланысты ұстап тұру үшін қажетті жеке ақпаратын, дербес деректерін жинай алады.  Сонымен қатар Оператор Пайдаланушымен ол ұсынған қолданыстағы байланыс ақпаратын пайдаланып немесе, егер Пайдаланушының деректері аккаунттарды сәйкестендіруге мүмкіндік берсе, осындай аккаунттар, әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы байланыса алады. Оператор сондай-ақ Пайдаланушымен қатынасуы туралы кез келген басқа ақпаратты да, мысалы, Операторға Пайдаланушылар немесе Пайдаланушылар ұсынатын кез келген кері байланыс арқылы берілетін кез келген сұратымдарын жинай алады.

4.5. Stop-piramida.kz және https://t.me/stop_piramida_kz_bot телеграмм-ботты пайдалану аясында Пайдаланушы тек қана дұрыс Мәліметтерді беруге міндеттенеді және өзінің берген ақпараты үшін жауапкершілікті толықтай өзіне алады. Пайдаланушы Мәліметтерді редакциялау арқылы дер кезінде жаңартып тұруға міндеттенеді. Пайдаланушыны Пайдаланушы келісімінің тарапы және/немесе тиісті Сервисті пайдаланатын тарап ретінде анықтау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ ұсынылған Мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарды, мәліметтерді Оператор сұратуға, ал Пайдаланушы осындай сұратым бойынша ұсынуға құқылы.

4.6. Оператор stop-piramida.kz –ке қатысы жоқ, кәсіби бағалауды талап ететін және/немесе Оператордың құзыретіне жатпайтын мәселелер бойынша кеңес бермейді.

4.7. Пайдаланушыларға Оператор сервистерді тегін ұсынады. Автордың деректерін, оператор атауын заңсыз пайдалануды, сондай-ақ stop-piramida.kz-ті заңсыз пайдалануды болдырмау үшін, үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттерін болдырмау үшін автордың, оператордың, stop-piramida.kz-тің атынан Сізге не Сіздің жақындарыңызға несие және өзге де міндеттемелерді ресімдеу, ақша аударымдарын жасау, қандай да бір төлем енгізу (жүлделер, бонустар, кэшбек, залалды өтеу және т. б.), банк карталарының, банктік, брокерлік шоттардың деректерін, мобильді құрылғыларға қолжетімділік (парольдер) хабарламаларын/ашып көрсету қажеттілігі туралы, және т.б. кез-келген өтініштерді, ұсыныстарды, өтінімдерді елемеңіз. Мұндай өтініштер, қоңыраулар немесе өтінімдер болған жағдайда бізге хабарлаңыз, сақ болыңыз.

4.8. Пайдаланушының stop-piramida.kz  пайдаланумен байланысты мәселелер бойынша Операторға жүгінулері Сайтта көзделген тәртіп бойынша қаралады. Пайдаланушының өтінімін/өтінішін қарау аясында Оператордың Пайдаланушымен өзара әрекеттесуі Пайдаланушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайын пайдалану арқылы немесе Оператордың қарап білгенінше басқа тәсілдермен жүзеге асырылады.

4.9. Оператор Пайдаланушының: өтінішті қарау үшін қажетті ақпараты мен құжаттары жоқ; дұрыстық белгілері жоқ жалған ақпараты және(немесе) құжаттары бар; бұрын Оператор Пайдаланушыға жауап жіберген мәселелерге қатысты (қайталама өтініштер); жәбірлейтін сөздері, қорқыту белгілері бар немесе дөрекі жағымсыз түрде жазылған; Оператордың құзыретіне жатпайтын; Сайтта көзделген өзге шарттар мен Өтініштерді қарау тәртібін бұза отырып жіберілген өтініштерін қарамауға құқылы.

4.10. Пайдаланушы Оператордың Сайтта Пайдаланушылары туралы иесізденген статистикалық деректерді жинай алатынымен келіседі. Пайдаланушы үшінші тұлғаларға иесізденген статистикалық деректерді, соның ішінде оларды өңдеу мақсаттары, Сайттың, Серверлердің жұмысын  қамтамасыз ету, Сайттың серіктестік және өзге де бағдарламаларын іске асыру үшін беруге келіседі.

  1. Пайдаланушының міндеттемелері

5.1. Пайдаланушы тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасына, пайдаланушы келісіміне және stop-piramida.kz өзге де ережелеріне сәйкес әрекет етуге, сондай-ақ Сайтты, stop-piramida.kz Сервистерін және Шеттегі сервистерді пайдалану кезінде өз әрекеттері және әрекетсіздігі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті толықтау көтеруге міндеттенеді.

5.2. Пайдаланушыға қолжетімді stop-piramida.kz Сервистері және Шеттегі сервистер тек қана осы Сервистер мен Шеттегі сервистер арналған мақсаттарда қолданылуы мүмкін. Пайдаланушыға Сервистерді және Шеттегі сервистерді, сондай-ақ Сайтта алынған кез келген ақпаратты мақсатынан тыс пайдалануға, сондай-ақ stop-piramida.kz-те көрсетілген мақсаттарды, ақпаратты бұрмалауға тыйым салынады.

5.3. Пайдаланушы міндеттенеді:

5.3.1. stop-piramida.kz инфрақұрылымына бейпропорционалды шамадан тыс жүктеменің салынуына алып келуі мүмкін ешқандай іс-әрекеттерді қабылдамауға;

5.3.2. stop-piramida.kz жұмысына кедергі жасамауға, сондай-ақ Пайдаланушылардың, өзге үшінші тұлғалардың, сондай-ақ Оператордың stop-piramida.kz-ке қол жеткізуін бұғаттау немесе шектеу мақсатымен автоматты жүйелердің немесе үдерістердің қызметіне бөгет болмауға.

5.4. Пайдаланушы келісімін бұзудың және/немесе Операторға залал келтірудің (мысалы, DDoS-шабуылдар немесе басқа да хакерлік шабуылдар, stop-piramida.kz бағдарламаларын авторландырылмаған, соның ішінде өтініштерді жіберу үшін және т.б. үшін пайдалану) алдын алу немесе алдын кесу мақсатында  Оператор мұндай Пайдаланушылардың және/немесе үшінші тұлғалардың stop-piramida.kz-ке тиісті ір-мекенжайдың немесе ір-мекенжайлар диапазонының қол жеткізуін бұғаттау арқылы stop-piramida.kz–ке кіруін шектеуге құқылы.

  1. Сайтты пайдалану кезінде ақпаратпен алмасу

6.1. Оператордың Пайдаланушыларға арналған хабарламалары, хабарландырулары stop-piramida.kz-ке көпшіліктің қол жеткізуі үшін жарияланады және/немесе өтінімдерді/өтініштерді жіберу кезінде Пайдаланушылардың берген электрондық мекенжайлары бойынша жеке-жеке жолданады. stop-piramida.kz-те жарияланған хабарламалар Сайтта жарияланған сәттен бастап Пайдаланушыға жеткізілген болып саналады.

6.2. Пайдаланушының Операторға хабарламалары түсіндірме берудің арнайы ұсынылған нысаны және/немесе Оператормен байланысты нысаны арқылы жіберілуі мүмкін.

6.3. Пайдаланушы төмендегі жағдайларда Сайт Операторының қажет болған кезде оған әңгімелерін жазып ала отырып, қоңырау шалуға құқылы екенімен келіседі:

– өтініштерді беру ережелерін және/немесе Пайдаланушы келісімін бұзу;

– егер Оператор телефон/ұялы байланыс арқылы Пайдаланушыға ауызша түсіндірме беруді қажет деп санаса;

– Пайдаланушы өтінімінің/өтінішінің егжей-тегжейлерін нақтылау, соның ішінде кейін ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органдарға беру қажет болғанда;

– осы Келісімге сәйкес Пайдаланушыны тексеру және/немесе сәйкестендіру үшін.

6.4. Пайдаланушы Сайт арқылы берілген, электрондық пошта, месенджерлер арқылы Операторға жіберілген кез келген өтініштердің, хабарламалардың Сайтта немесе әлеуметтік желілерде, БАҚ-да немесе бейнехостингтерде орналастырылуы, сондай-ақ Оператордың қарап білгенінше визуалды, бейнематериалды жасап шығару үшін пайдаланылуы мүмкін екенімен келіседі.

6.5. Оператордың Пайдаланушыға электрондық пошта, мессенджер арқылы жіберілген хабарламалары Пайдаланушының өз электрондық поштасына, мессенджерлерге, Операторлармен қатынасу үшін қолданылатын құрылғыларға қол жеткізуге рұқсат берген-бермегеніне немесе электрондық поштаны, мессенджерлерді, Оператормен Сайт Сервистері жөнінде немесе Оператордың қызметі жөнінде қатынасу үшін қолданылатын құрылғыларды пайдалану құқығынан айрылған-айрылмағанына қарамастан Пайдаланушыға жеткізілген болып саналады.

  1. Кепілдіктер және жауапкершілік

7.1. Пайдаланушы өз өтінімдеріндегі, өтініштеріндегі, түсіндірмелеріндегі және Операторға жіберген хабарламалары үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

7.2. Интернет желісін құру және оның қызмет жасау қағидаттарын ескере отырып, Сервистер «дәл осы күйде» ұсынылады, бұл stop-piramida.kz-тің Сервистер мен шеттегі сервистерге қатысты ешқандай кепілдік бермейтінін білдіреді, атап айтқанда:

  • Сервистердің, Шеттегі сервистердің, олардың тікелей немесе жанама әсері мен сапасының Пайдаланушының күткеніне және мақсаттарына сай болатынына;
  • Сервистердің, Шеттегі сервистердің үздіксіз, сенімді және қатесіз ұсынылатынына;
  • Сервистерді және Шеттегі сервистерді пайдалану арқылы алынатын нәтижелердің дәлме-дәл болатынына және Пайдаланушының күткеніне сай болатынына ешқандай кепілдік бермейді.

7.3. Пайдаланушы Оператордың Сайтқа, сондай-ақ осы Пайдаланушы келісімінің 5.4-т. сәйкес ір-мекенжайларға Пайдаланушылардың қол жеткізуін бұғаттаумен/шектеумен байланысты stop-piramida.kz-гі бұзушылықтардың алдын кесу немесе алдын алу шараларын Оператордың қабылдауына байланысты Пайдаланушыға келтірілген ықтимал шығындар (нақты шығын және жіберіп алынған пайда) жауапкершілік көтермейтінімен келіседі.

7.4. Оператор Сайтты, Сервистерді, Шеттегі сервистерді пайдалану мүмкіндігінің болмауы, Сайтты, Сервистерді, Шеттегі сервистерді пайдаланудағы Оператордың бақылауынан тыс еңсерілмейтін күш жағдайларының әсер етуінің салдарынан туындаған қиындықтар үшін жауапкершілік көтермейді.

7.5. Пайдаланушылардың Операторға беретін Мәліметтерінде Интернет желісіндегі сайттарға сілтемелер, аккаунттарға, пабликтерге, арналарға, әлеуметтік желілердегі, бейнехостингтердегі, мессенджерлердегі және басқа да интернет/коммуникациялық ресурстардағы парақшаларға сілтемелер, дәл сол сияқты Оператор үшінші тұлғалардың кез келген ақпаратының белгілі бір талаптарға (дұрыстығын, толықтығын, заңдылығын және т.б.) сәйкестігін тексермеуі мүмкін. 

7.6. Пайдаланушы Сайтты пайдалануына байланысты қол жеткізуге рұқсат алатын үшінші тұлғалардың сайттарында орналастырылған кез келген ақпарат, материалдар үшін, сондай-ақ мұндай сайттардың немесе ақпараттың қолжетімділігі және Пайдаланушының оларды пайдалану салдары үшін жауапкершілік көтермейді.

7.7. Оператор өз қарап білгенінше, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өз жұмысының барысында алынған ақпаратты, Мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға береді. Оператордың қарап білгенінше аталған уәкілетті мемлекеттік органдарға Пайдаланушының дербес деректері де берілуі мүмкін.

  1. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар

8.1. Зияткерлік меншік объектілеріне – stop-piramida.kz-ке, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, домендік атауға, фирмалық атауға, Сайтта орналастырылған логотиптерге, Сайттың дизайнына, визуалдық безендірілуіне, stop-piramida.kz тауар белгісіне, деректер базасына, Сайтты пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін барлық техникалық әзірлемелерге айрықша құқықтарды иеленуші Операторға тиісті құқықтарды берген Автор болып табылады. Пайдаланушының немесе басқа тұлғаның stop-piramida.kz-ті немесе Сервистерді Оператордың жазбаша рұқсатынсыз осы Пайдаланушы келісімінде көзделмеген тәсілдермен пайдалануға құқығы жоқ.

Сайттың авторлық құқықтары stop-piramida.kz-ке тиесілі ақпараттық-жаңалықтар материалдары, аудио-визуалдық объектілері мен мәтіндері кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет желісінің серверлерінде stop-piramida.kz-ке немесе Операторға сілтеме болған жағдайда жаңғартылуы мүмкін, Интернет желісінде орналастырлағн жағдайда stop-piramida.kz-ке белсенді гиперсілтеме міндетті болып табылады.

8.2. Осы Пайдаланушы келісімін орындау мақсатында, Пайдаланушыларға хабарлау, заңды құқықтар мен мүдделерді жүзеге асыру, stop-piramida.kz жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Пайдаланушы stop-piramida.kz-ке Мәліметтерді (оған қоса фотосуреттерді, мәтіндерді, тауар белгілерін, логотиптерді және басқаларды) айрықша құқықтық бүкіл қолданылу мерзімінің ішінде барлық белгілі немесе белгісіз ақпараттық тасымалдағыштарда кез келген тәсілмен пайдалануға кез келген жерде, мерзімін шектеусіз пайдалану құқығын береді. Пайдаланушы материалдарды Мәліметтердің құрамында автордың атын көрсетпей пайдалануға рұқсат береді, сондай-ақ ұсынылған Мәліметтердің үшінші тұлғалардың кез келген құқықтарын, соның ішінде айрықша құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді.

  1. Пайдаланушы келісімінің қолдану мерзімі

9.1. Осы Пайдаланушы келісімі Пайдаланушының stop-piramida.kz Сервистерін пайдалануды бастаған сәтінен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.

9.2.  Оператор осы Пайдаланушы келісімін және stop-piramida.kz жұмысын регламенттейтін өзге де ережелерді толығымен немесе бір бөлігін бұзатын Пайдаланушының қол жеткізу мүмкіндігін өз қарап білгенінше тоқтату, соның ішінде Сайтта міндетті тіркелу рәсімі енгізілген жағдайда Пайдаланушының жеке кабинетке қол жеткізуін тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.

  1. Даулар және қолданыстағы заңнама

10.1. Осы Пайдаланушы келісімі бойынша барлық дауларды шешу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.

10.2. Осы Келісімнің аясында туындаған барлық дауларды Тараптар келіссөз арқылы шешеді. Дауды келіссөз жүргізу арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен шешіледі.

10.3. Осы Пайдаланушы келісімінің жекелеген бөліктерін жарамсыз деп тану осы Пайдаланушы келісімінің қалған ережелерінің әрекетін тоқтатпайды.

Пайдаланушы келісіміне №1 Қосымша

р/б № Шеттегі ресурстар Ресурсқа сілтеме
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Борышкерлердің бірыңғай тізілімі https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті https://kgd.gov.kz/kk/app/culs-taxarrear-search-web
3. Заңды тұлғаның контрагентің атауы, БСН бойынша тексеру https://pk.uchet.kz/
4. АХҚО (Астана халықаралық қаржы орталығы) лицензияларын тексеру https://publicreg.myafsa.com/authorised/
5. Қылмыскерлерді, борышкерлерді, жоғалған адамдарды іздеу https://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/Services/SuRet
6. Лицензияланбаған қызмет белгілері бар ұйымдар тізімі https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/221475?lang=kk
7. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген, қайта рәсімделген лицензиялар тізілімі https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/5564?lang=kk
8. Ресей Центробанкінің қаржы нарығында заңсыз қызмет жасауының анықталған белгілері бар компаниялар тізімі https://www.cbr.ru/inside/warning-list/
9. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/12525?lang=kk
10. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/1620?lang=kk
11. Екінші деңгейдегі банктер https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/financial-organizations/24?lang=kk
блокировка сайтов финансовых пирамид, борьба с финансовыми пирамидами, борьба с финансовыми пирамидами в интернете, борьба с финансовыми пирамидами в казахстане, выявление финансовых пирамид, выявление финансовых пирамид в казахстане, действующие финансовые пирамиды, действующие финансовые пирамиды в казахстане, закрытие финансовых пирамид в казахстане, защита от финансовых пирамид , защита от финансовых пирамид в казахстане, заявить о финансовой пирамиде, заявление о финансовой пирамиде, компании финансовые пирамиды в казахстане, куда завить о финансовой пирамиде, куда завить о финансовой пирамиде в казахстане, куда сообщить о финансовой пирамиде, куда сообщить о финансовой пирамиде в казахстане, ликвидация финансовых пирамид в казахстане, ловушки мошенников в финансовой пирамиде, меры борьбы с финансовыми пирамидами, меры борьбы с финансовыми пирамидами в казахстане, меры предосторожности от финансовых пирамид, методы борьбы с финансовыми пирамидами, мошенники финансовые пирамиды, перечень финансовых пирамид, подать в суд на финансовую пирамиду, признаки финансовой пирамиды в казахстане, проверка финансовой пирамиды, проверка финансовых пирамид , противодействие финансовым пирамидам, противодействие финансовым пирамидам в казахстане, профилактика от финансовых пирамид, разоблачение финансовых пирамид, разоблачение финансовых пирамид в казахстане, разоблачить финансовую пирамиду, раскрытие финансовых пирамид, раскрытие финансовых пирамид в казахстане, раскрыть финансовую пирамиду, распознать финансовую пирамиду, сообщить о финансовой пирамиде, сообщить о финансовой пирамиде в казахстане, сообщить о финансовой пирамиде в мвд в казахстане, сообщить о финансовой пирамиде в прокуратуру казахстана, список финансовых пирамид казахстана, способы борьбы с финансовыми пирамидами, способы борьбы с финансовыми пирамидами в казахстане, способы защиты финансовых пирамид, тотальное разоблачение финансовых пирамид, финансовая пирамида обман вкладчиков, финансовой пирамиды список в казахстане, финансовые пирамиды развод, финансовые пирамиды список, черный список финансовых пирамид, черный список финансовых пирамид в казахстане, экспертиза финансовой пирамиды в казахстане

БІЗБЕН БАЙЛАНЫСЫҢЫЗ

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Мәңгілік Ел даңғылы, 10 ғимарат

[yop_poll id=»1″]

2022 © Stop Piramida. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайтта орналастырылған кез келген материалдарды пайдалану Stop-Piramida.kz сілтеме жасау шартымен ғана рұқсат етіледі.
Пайдаланушы келісімі
Өтініштерді беру ережелері
Дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі ережесі