Өтініштерді беру ережелері
- Жалпы ережелер
1.1. Осы stop-piramida.kz веб-сайтында (бұдан әрі – Сайт) өтініштерді беру ережелері Сайттың Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы Ережелерде қолданылатын ұғымдық аппарат Пайдаланушы келісімінде келтірілген ұғымдық аппараттың мағынасына сай келеді.
1.2. Өтініштерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпарат болмауға тиіс.
1.3. Өтініштерге қойылатын жалпы талаптар:
– өтініште анық ақпаратты көрсету қажет;
– өтініштің мазмұны Сайттың тақырыптамасына сай болуға тиіс. Өтініш Ережелерге, stop-piramida.kz Пайдаланушы келісіміне сай болмаған және Сайтпен ортақ мақсаттары болмаған жағдайда Оператор өтінішті қарамауы мүмкін;
– «Сіздің есіміңіз» жолында жеке басыңызды куәландыратын жарамды құжатыңызда көрсетілгендей Сіздің атыңыз, тегіңіз және әкеңіздің аты көрсетілу керек;
– «Е-mail» жолында Пайдаланушының нақты және анық Email мекенжайы көрсетіледі;
– «Хабарлама» жолына Сайттың тақырыптамасына сай келетін жағдаят пен мәселелердің сипаттамасы, өтініш мағынасының сипаттамасы жазылады.
1.4. Хабарламада келтірілген ақпарат үшін жауапкершілікті Пайдаланушы көтереді.
1.5. Сайт Операторы өтініштерді қарау нәтижелерін Оператордың әлеуметтік желілеріндегі жазбаша посттар арқылы, сондай-ақ аудио немесе бейне жауапты, не түсіндіруді жариялау арқылы хабарлауға құқылы.
- Алынған ақпаратты өңдеу
2.1. Оператор Сайтты Пайдаланушылардың өтініштерінде келтірілген Мәліметтерді қарайды. Пайдаланушылар Сайттағы байланыс нысанын толтыру кезінде, сондай-ақ электрондық пошта арқылы хабарлама жолдағанда Сайт Операторына келесі деректерді жібереді:
– тегін, атын, әкесінің атын (Пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілгендей);
– Пайдаланушының электрондық поштасының мекенжайын;
– Кескіндерді (фотосуреттерді);
– өтініш беру мәнін;
– Пайдаланушының өз қарап білгенінше берілуі мүмкін басқа да Мәліметтерді және құжаттарды.
2.2. Пайдаланушының міндеттері:
– Сайт Операторына тек қана анық деректерді беру;
– өтінішті қарау мақсаттары үшін қажетті көлемдегі деректерді қамтитын құжаттарды беру;
– Сайт Операторына өз дербес деректерінің нақтыланғаны (жаңартылғаны, өзгертілгені) туралы хабарлау.
– Сайт Операторына өз туралы анық емес мәліметтерді берген, басқа дербес деректер субъектісі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз берген Пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
- Осы Ережелерді сақтамағаны үшін жауапкершілік
3.1. Осы Ережелерді сақтамағаны, сондай-ақ Сайттың жұмысына зиян келтіретін жұмысты атқарғаны үшін Оператор мына шараларды қабылдауға құқылы:
– Пайдаланушыны бұғаттау, кейіннен оның барлық өтініштерін жойып тастау;
– өз қарап білгенінше Пайдаланушының Еmail және телефон нөмірін Ережелерді бұзғаны үшін «қара тізімге» енгізу;
– осы Ережелерді, Пайдаланушы келісімін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған Пайдаланушыны жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну.
3.2. Сайт Операторы Пайдаланушыларға алдын ала ешқандай хабарлама берусіз, осы Өтініштерді беру ережелерін кез келген уақытта өзгерте алады немесе толықтыра алады. Өзгертулер оларды Сайтты жариялаған сәттен бастап күшіне енеді.