Yuriy Lee on Qasqir_kz | About fraudsters
Yuriy Lee on Qasqir_kz | About fraudsters
Ал Дроппер деген ұғым құралады,
Алуға жеке дерек сұранады.
Абайсыз егер берсең бар ақпарды,
Өзіңді қылмыскер ғып шығарады.
Блогерлер қазір қулық атаманы,
Заттарын тек ұтыспен сата алады.
Артынша ұтыс түспей көп адамға,
Бастаушы “инфоцыган” атанады.
Халыққа сөзім жетсе рас бағалы,
Тоқтатсақ алаяқтық бастаманы.
Қалтаға қарайлайтын қауіпсіздік,
Алдымен өзімізден басталады.