WYP.KZ
зардап шеккендерге арналған өтініш үлгілері Ашу
ALEM CREDIT
зардап шеккендерге арналған өтініш үлгілері Ашу

Үш микроқаржы ұйымын лицензияларынан айыру туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соққан заңнама талаптарын жүйелі түрде бұзған үш микроқаржы ұйымын лицензияларынан айырды.

Агенттіктің 2026 жылғы 23 қарашадағы бұйрықтары негізінде келесі ұйымдар лицензияларынан айырылды:

  • «ECKZ» МҚҰ» ЖШС — №80 бұйрық;

  • «Taj Finance» МҚҰ» ЖШС — №81 бұйрық;

  • «М Булак» МҚҰ» ЖШС — №82 бұйрық.

Аталған ұйымдардың микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде жаңа микрокредиттер беруге құқығы жоқ.

Ұйымдар күнтізбелік 30 күн ішінде атауын өзгертіп, қайта тіркеуден өтуге немесе қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Қарыз алушылардың қолданыстағы шарттар бойынша міндеттемелері сақталады және заңнамаға сәйкес орындалуға тиіс.