Жалған табыс
Жеңіл табыс ретінде көрсетіліп, тез әрі кепілді кіріс уәде етілетін қарапайым алаяқтық схемалар.
"Айлин Набиева" Telegram-арнасында келісілген матчтар мен спорттық бәс тігу арқылы табыс табу ұсынылады. Пайдаланушыларға 20 000 теңге салған жағдайда, бірнеше сағаттың ішінде 300 000 теңге немесе одан да көп табыс алатыны, матч нәтижелері алдын ала белгілі екені айтылып уәде етіледі. Сенім ұялату үшін жалған құжаттар мен жағымды пікірлер көрсетіледі, сондай-ақ салынған қаражатты 100% көбейтуге кепілдік және сәтсіздік болған жағдайда екі еселенген өтемақы уәде етіледі. Ақшаны Өзбекстандағы дроппердің банк картасына аудару ұсынылады.
Telegram желісінде Бейбіт Әлібековтің атын пайдаланатын арна тарап, жоғары табыс әкеледі делінетін инвестицияларды ұсынып жатыр. Ұйымдастырушылар депозитті небәрі 48 сағат ішінде бірнеше есе көбейтеміз деп уәде беріп, қаражатты үшінші тұлғалардың банк шоттарына немесе USDT әмияндарына аударуды талап етеді.
Мұндай ұсыныстарда алаяқтық белгілері бар. Бейбіт Әлібеков өзінің Telegram арқылы инвестиция тартпайтынын және мұндай арналар мен ұсыныстарға ешқандай қатысы жоқ екенін жария түрде мәлімдеген.
«Binance VIP» жалған инвестициялық жобасы Binance брендін пайдаланып, сенім тудыруға тырысады. Жобаға 10 USDT-ден бастап инвестиция салу ұсынылады, 4500%-ға дейін табыс уәде етіледі, спот саудасы туралы аңыз қолданылады және жаңа қатысушыларды тарту үшін серіктестік бағдарлама белсенді насихатталады.
Алдарыңызда нарықтағы жағдайға қарамастан капиталды жылдам қайтаруға және жоғары табысқа уәде беретін алаяқ инвестициялық жоба тұр. Заңды көріну үшін бөгде тіркеу құжаттары пайдаланылады. Мұндай схемаларға ақша салу арқылы сіз барлық қаражатыңыздан айырылып қалу қаупіне тап боласыз.
Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мадина Ерасылқызы Әбілқасымованың дипфейкі қолданылған псевдоинвестициялық жобаның жарнамасы таратылуда. Пайдаланушыларға оңай табыс уәде етіліп, жобаның мемлекеттік органдармен байланысты екені туралы әсер қалыптастырылады.
Мұндай ақпаратты әрдайым ресми дереккөздер арқылы қайта тексеріңіз. Мемлекеттік қызметшілер мен танымал тұлғалардың бейнелерін рұқсатсыз пайдалану осындай ұсыныстардың шынайылығы туралы жалған әсер қалыптастыруы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде жалған «Alexey Smirnov» аккаунты арқылы депозитті «биржадағы сауда» арқылы көбейтуге болады деген ұсыныстар таратылуда.
Алаяқтар “Kazakhstan AI” деп аталатын жалған мемлекеттік инвестициялық платформаны жарнамалау үшін Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі вице-министрі Д. Мунның дипфейкін пайдалануда.
Әлеуметтік желілерде Дмитрий Мунның — Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі вице-министрінің ДИПФЕЙКІ қолданылған жалған инвестициялық жоба жарнамасы таратылуда.
Ақша аудармаңыз және жеке деректеріңізді бермеңіз. Бейнероликте біз алаяқтықтың барлық негізгі белгілерін көрсетіп бердік.
“National Strategy” Telegram-арнасын талдаймыз. Бұл арна “ақ ниетпен” тез әрі жоғары табыс табуға уәде береді. Заңды қызметтің көрінісін жасау үшін оның өкілдері жалған мемлекеттік лицензияларды жіберіп, жобаға еш қатысы жоқ нақты адамдардың куәліктерін пайдаланады.