Жалған «Халал»
Дін атын жамылған жалған инвестициялық схемалар.
Әлеуметтік желілерде оңай табыс пен ірі көлемдегі төлемдерді уәде ететін «халал инвестициялар» жарнамасы таралуда. Пайдаланушыларды Telegram-ға тартып, онда алаяқтар өздерін сарапшы ретінде таныстырады, діни тақырыптарды пайдаланады және әртүрлі «табыс табу» схемаларын ұсынады.
Олардың арасында 5–20 мың теңге салып, 300–500 мың теңге алу туралы уәделер, спортқа бәс тігу және казиноның «ұтылмайтын» алгоритмдері бар. Алғашқы ақша аударымынан кейін адамнан салықтар мен комиссиялар деген желеумен жаңа төлемдер талап етілуі мүмкін.
Кепілдендірілген және жылдам табыс туралы уәделерге сенбеңіз. Ақша аудармас бұрын жоба және қаражатты алушы туралы ақпаратты тексеріңіз.
Stop-Piramida.kz сайтында қаржы пирамидалары мен алаяқтық белгілері бар жобаларды тексеруге болады.
Telegram-да діни тақырыптарды пайдаланып, бірнеше сағат ішінде жоғары табыс табуға уәде беретін инвестициялық арналар таралуда. Сенімге кіру үшін олар аяттар мен хадистерге сілтеме жасап, «халал инвестициялар» ұсынады, көптеген бейнепікірлер көрсетеді және салынған қаражатты ондаған есе көбейтуге уәде береді.
Бұл ретте пайдаланушыларды ақша аударуға асықтырып, төлемді компанияның шотына емес, жеке тұлғалардың банк карталарына жіберуді ұсынады.
Діни атрибутикаға және кепілдендірілген табыс туралы уәделерге сенбеңіз. Ақша аудармас бұрын құжаттарды, төлем алушыны және жоба туралы ақпаратты тексеріңіз.
Stop-Piramida.kz сайтында жобаны қаржы пирамидалары мен алаяқтық белгілері бар жобалар базасы арқылы тексеруге немесе кеңес алу үшін жобаның колл-орталығына хабарласуға болады.
«Зайнаб | Халал финансы» және «Зайнаб Муслимова» Telegram-арналары Murabaha Trade шариғат биржасының ресми трейдері деген желеумен «халал инвестициялар» ұсынады. Пайдаланушыларға бірнеше сағат ішінде 1 миллион теңгеге дейін табыс уәде етіледі. Бұл бейнероликте алаяқтық белгілеріне нұсқауы мүмкін жайттарды талдаймыз.
Telegram-да «халал инвестициялар» ұсынылып, 850 000 теңгеден бастап табыс табуға уәде беріледі. Бұл бейнероликте алаяқтық белгілеріне нұсқауы мүмкін жайттарды талдаймыз.
Telegram-да «халал табыс» және «халал трейдинг» ұсыныстары таратылып, бірнеше сағат ішінде жоғары табыс уәде етіледі. Сенім ұялату үшін шариғатқа сәйкестігі туралы мәлімдемелер, сертификаттар және сенімділік әсерін тудыратын басқа да материалдар пайдаланылады. Бұл бейнероликте алаяқтық белгілеріне нұсқауы мүмкін жайттарды талдаймыз.
«Фаяз | Murabaha Trade» және «Тимур | Murabaha Trade» Telegram-арналарында Murabaha Trade платформасы арқылы «халал табыс» ұсыныстары таратылуда. Пайдаланушыларға 18 000 теңгеден бастап қаражат салу ұсынылып, бар болғаны 3 сағатта 800 000 теңгеден бастап табыс уәде етіледі. Сондай-ақ қаражаттың 100% қайтарылуына кепілдік берілетіні айтылған. Бұл бейнероликте алаяқтық белгілеріне нұсқауы мүмкін жайттарды талдаймыз.
Telegram-да "халал инвестициялар" ұсынылып, тәуекелсіз, тез әрі кепілдендірілген табыс уәде етіледі. Бұл бейнероликте осы схеманың қалай жұмыс істейтінін талдаймыз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) исламдық қаржыны дамыту және AI-имамды іске қосу бойынша жаңа бастамаларды жариялады.
Хабарланғандай, исламдық қаржыға арналған арнайы бағыт құрылып, діни сұрақтарға жауап беретін және күнделікті исламға қатысты сауалдар бойынша көмектесетін цифрлық көмекші іске қосылады.
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) исламдық қаржы жөніндегі халықаралық консультативтік кеңестің құрылғанын жариялады.
Кеңес құрамына исламдық қаржы саласы дамыған елдердің сарапшылары енді. Оның міндеттері заңнама, шариғаттық басқару, капитал нарығы, тұрақты қаржыландыру, цифрлық шешімдер және халықаралық ынтымақтастық бойынша ұсынымдар әзірлеумен байланысты.
Бұл бастама Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытуға және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған қадам ретінде ұсынылды.