Дропперлік | Дропперлер немесе "дроптар" деген кімдер?
Дроптар қылмыстық жолмен алынған ақшаны "жылыстатуға" көмектеседі. Мысалы, электрондық коммерция және төлем операциялары саласындағы киберқылмыстардың нәтижесінде ұрланған қаражатты: фишинг, вишинг және смишинг арқылы алынған ақшаны өткізеді.
Дроп немесе "ақша мулы" — алаяқтар ұрлаған қаражатты өткізу үшін өзінің банк картасын "транзиттік" шот ретінде пайдалануға келісетін адам.
⚠️ Мұндай аударымдар тізбегі қылмыскерлердің ізін жасыру және тергеуді қиындату үшін қажет. Дроптар әртүрлі елдерде және әртүрлі адамдардың атынан ақша аударып, қылмыскерлердің "көзге көрінбеуіне" көмектеседі.
❗️ Әрбір дроп өзінің қылмыстық схемаға тартылып жатқанын түсіне бермейді. Алаяқтар көбінесе криптовалюта биржаларының, брокерлік компаниялардың және басқа да заңды ұйымдардың атын жамылады. Адамдарды оңай әрі жылдам табыс табу туралы уәделермен қызықтырады, ал схемаға қатысқаны үшін "ақша мулы" аударуға және жасыруға көмектескен сомалардан пайыз алады.