Фишинг | "СДЭК" атынан жалған жеткізу хабарламасы

Фишинг |
Фишинг | "СДЭК" атынан жалған жеткізу хабарламасы

Алаяқтар жеткізу қызметтерінің атын жамылып әрекет етуді жиілетіп келеді.

Схема қарапайым:

1️⃣ Сіз хабарландыру жариялайсыз (мысалы, OLX-та).
2️⃣ "Сатып алушы" СДЭК арқылы жеткізуді ұсынады.
3️⃣ Сізге фишингтік сілтеме және тіпті бөтен адамның жеке куәлігінің фотосын жібереді.
4️⃣ Картаңыздың деректерін енгізесіз — нәтижесінде шотыңыздағы ақша толықтай ұрлануы мүмкін.

❗️ KZ-CERT мұндай сілтемелердің фишинг екенін растады.

Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және сенімсіз сайттарда банк картаңыздың деректерін енгізбеңіз.

Қаражатыңызды қорғаңыз.