Жаңалықтар | Қазақстандықтардың деректерінің таралуы: оның қаупі қандай және не істеу керек?

Жаңалықтар | Қазақстандықтардың деректерінің таралуы: оның қаупі қандай және не істеу керек?
Жаңалықтар | Қазақстандықтардың деректерінің таралуы: оның қаупі қандай және не істеу керек?

Интернетте миллиондаған қазақстандықтың жеке деректері бар база пайда болды.

TSARKA мамандары мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл базаның жаңа деректердің таралуы ма, әлде бұрынғы мәліметтердің жинағы ма екенін тексеріп жатыр.

Мұндай базаларды алаяқтар банк, полиция, ХҚКО немесе басқа ұйымдардың атынан қоңырау шалу үшін пайдалануы мүмкін.

Негізгі қауіп — әлеуметтік инженерия: алаяқтар адамның нақты деректерін айтып, сенімге кіреді, содан кейін SMS-кодтарды, құпиясөздерді, ЖСН-ды, банк картасының деректерін немесе аккаунттарға қолжетімділікті алдап алуға тырысады.

Пайдаланушыларға NomadGuard немесе eGov Mobile арқылы өз деректерін тексеру, құпиясөздерді жаңарту, екі факторлы қорғанысты қосу және жақындарын, әсіресе егде жастағы туыстарын ескерту ұсынылады.