Жаңалықтар | Қоғамдық Wi-Fi желісінің қаупі неде?

Жаңалықтар | Қоғамдық Wi-Fi желісінің қаупі неде?
Жаңалықтар | Қоғамдық Wi-Fi желісінің қаупі неде?

4 қазаннан бастап Қазақстанда қоғамдық интернет желілеріне қосылудың жаңа ережелері енгізіледі.

Пайдаланушылар екі тәсілдің бірі арқылы авторизациядан өте алады: телефон нөміріне жіберілетін бір реттік SMS-код немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы.

Бұл өзгерістер қоғамдық Wi-Fi желілерін пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, өйткені мұндай желілер құпиялылыққа, қаржыға және жеке деректерге қауіп төндіруі мүмкін.

Сонымен қатар, пайдаланушылардың ЭЦҚ-сын немесе басқа деректерін ұрлайтын зиянды Wi-Fi нүктелерін кім және қалай анықтайтыны жөніндегі мәселе әлі де өзекті болып қала береді.