Жалған Instagram дүкені | "drive_shop_kz"

Жалған Instagram дүкені |
Жалған Instagram дүкені | "drive_shop_kz"

Жазылушылар бізден шиналар мен дискілерді сататын "drive_shop_kz" Instagram-аккаунтын тексеруді сұрады.

Тексеру барысында жоғары тәуекел белгілері анықталды. Аккаунт 2012 жылы тіркелгенімен, алғашқы жарияланымдар тек 2025 жылдың тамыз айында пайда болған. Сайтта компания 2021 жылдан бері жұмыс істейді деп көрсетілген, алайда домен тек 2025 жылдың тамызында тіркелген.

Сонымен қатар, аккаунттың орналасқан жері Ресей Федерациясы деп көрсетілген, дүкеннің мекенжайы бірнеше рет өзгерген, жазбалардағы пікірлер жабық, ал 2GIS сервисінде теріс пікірлер бар.