Жалған Instagram дүкені | "elka_beeest"

Жалған Instagram дүкені |
Жалған Instagram дүкені | "elka_beeest"

Алаяқтар өздерін шырша мен жаңа жылдық тауарларды сататын Instagram дүкендері ретінде көрсетеді.

Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік желілерде шырша мен мерекелік тауарларды сату туралы жарнамалар көбейеді. Маусымдық сұранысты пайдаланған алаяқтар кең ассортименті мен тартымды ұсыныстары бар парақшалар ашады.

Жалған сатушылар төмен бағамен қызықтырып, жылдам жеткізуге уәде береді және, әдетте, 100% алдын ала төлем талап етеді. Ақша аударылғаннан кейін ешқандай жаңа жылдық ғажайып болмайды: сатушы байланысқа шықпай қояды, ал сатып алушы тауарсыз да, ақшасыз да қалады.

Төлем жасамас бұрын сатушыны мына алаяқтық белгілері бойынша тексеріңіз:

• пікірлер жабық;
• аккаунтты белгілеуге тыйым салынған;
• 100% алдын ала төлем талап етіледі;
• аккаунттың орналасқан жері жасырылған немесе басқа ел ретінде көрсетілген;
• қойма, дүкен немесе нақты қызметті растайтын өзге дәлелдер жоқ.