Жаңалықтар | Павлодарда смартфон сатушы болып көрінген алаяқтар тобы ұсталды
Жаңалықтар | Павлодарда смартфон сатушы болып көрінген алаяқтар тобы ұсталды
Павлодар облысы полициясының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы 17–19 жастағы жасөспірімдер басқарған топтың қызметін тоқтатты.
Олар бір жарым айдың ішінде TikTok-та смартфон сату туралы жалған хабарландырулар орналастырып, Қазақстан бойынша ондаған адамды алдаған. Жәбірленушілердің ақшасы дропперлердің шоттарына аударылған.
Қазіргі уақытта 18 жәбірленуші анықталды. Ұйымдастырушылар — Павлодар қаласының үш тұрғыны, олардың жеке басы анықталған. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілерге келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.