Жалған халал инвестициялар | «Халал» деген бүркеніштің артында не жасырылған?
Әлеуметтік желілерде оңай табыс пен ірі көлемдегі төлемдерді уәде ететін «халал инвестициялар» жарнамасы таралуда. Пайдаланушыларды Telegram-ға тартып, онда алаяқтар өздерін сарапшы ретінде таныстырады, діни тақырыптарды пайдаланады және әртүрлі «табыс табу» схемаларын ұсынады.
Олардың арасында 5–20 мың теңге салып, 300–500 мың теңге алу туралы уәделер, спортқа бәс тігу және казиноның «ұтылмайтын» алгоритмдері бар. Алғашқы ақша аударымынан кейін адамнан салықтар мен комиссиялар деген желеумен жаңа төлемдер талап етілуі мүмкін.
Кепілдендірілген және жылдам табыс туралы уәделерге сенбеңіз. Ақша аудармас бұрын жоба және қаражатты алушы туралы ақпаратты тексеріңіз.
Stop-Piramida.kz сайтында қаржы пирамидалары мен алаяқтық белгілері бар жобаларды тексеруге болады.