Жалған инвестициялар | Алаяқтар банктердің атынан инвестиция ұсынады

Жалған инвестициялар | Алаяқтар банктердің атынан инвестиция ұсынады
Жалған инвестициялар | Алаяқтар банктердің атынан инвестиция ұсынады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде банктердің атынан жарияланғандай көрсетілетін, сауалнамаға қатысқаны үшін ақша ұсынатын жарнамалар жиі кездеседі.

Мұндай “сауалнамаларға” сенбеңіз — олар сіздің жеке деректеріңізді, кейіннен ақшаңызды иемденудің бір тәсілі болуы мүмкін.

❗️Келесі белгілер болса, бұл алаяқтық болуы ықтимал:

  • сізге үлкен немесе кепілдендірілген табыс уәде етіледі;

  • ешқандай тәуекел жоқ деп айтылады;

  • ақшаны жеке тұлғаның шотына аудару талап етіледі;

  • нанотехнологиялар, инвестициялық робот, инвестициялауға арналған “супербағдарлама” және соған ұқсас күмәнді “құралдарға” ерекше назар аударылады.