Жалған инвестициялар | “Alatau City Invest” атынан таратылған жалған жарнама
Жалған инвестициялар | “Alatau City Invest” атынан таратылған жалған жарнама
Интернетте Alatau City Invest пен оның еншілес құрылымы Alatau City Bank атынан жалған жарнамалар таратылуда. Алаяқтар компаниялардың логотиптерін пайдаланып, жарнаманы шетелден іске қосады және аптасына 350 000 теңгеден басталатын “пассивті табыс” уәде етеді.
Схеманың қалай жұмыс істейтінін, мұндай жарнамалардың неліктен қауіпті екенін және жалған инвестициялық ұсыныстарға алданып қалмаудың жолдарын түсіндіреміз.