Жалған инвестициялық жоба | Акорданың жалған сайты және «Проект Казатомпром»

Жалған инвестициялық жоба | Акорданың жалған сайты және «Проект Казатомпром»
Жалған инвестициялық жоба | Акорданың жалған сайты және «Проект Казатомпром»

Акорданың ресми рәміздерін пайдаланатын жалған сайт жоғары күнделікті табысқа уәде беріп, мемлекет атынан «инвестициялауды» ұсынады. Пайдаланушыларға күніне 90 000 теңгеге дейін және аптасына 700 000 теңгеден бастап табыс уәде етіліп, жобаның мемлекеттік органдармен байланысты екені туралы әсер қалыптастырылады.

❌ Сайттың Акордаға немесе мемлекеттік органдарға қатысы жоқ;

❌ Домен АҚШ-та небәрі бірнеше күн бұрын тіркелген;

akorda.kz ресми сайтында жылдам табыс табу, инвестиция салу немесе осыған ұқсас жобалар туралы ұсыныстар жарияланбайды.