Несиелер мәселесі | Онлайн несиелер үшін «ойлану кезеңі» енгізіледі
Несиелер мәселесі | Онлайн несиелер үшін «ойлану кезеңі» енгізіледі
Онлайн несиелер үшін «ойлану кезеңі» енгізіледі — шарт жасалған сәт пен ақшаның берілуі арасындағы күту уақыты. Егер несие сомасы 255 АЕК-ке дейін болса, қаражат 8 сағаттан кейін, ал 255 АЕК-тен асса, 24 сағаттан кейін беріледі.
Осы уақыт ішінде қарыз алушы өз шешімін өзгертіп, несиені алуды растамауына болады. Мұндай жағдайда шарттың күші жойылады.
Жаңа ереже қандай жағдайларда қолданылатынын, қандай ерекшеліктер бар екенін және оның азаматтарды алаяқтардан қорғауға қалай көмектесетінін түсіндіреміз.