Несиелер мәселесі | Қарыз алушыларды қорғау туралы жаңа заң | 2-бөлім

Несиелер мәселесі | Қарыз алушыларды қорғау туралы жаңа заң | 2-бөлім
Несиелер мәселесі | Қарыз алушыларды қорғау туралы жаңа заң | 2-бөлім

2025 жылғы 30 маусымдағы заңды талдаудың екінші бөлімі алаяқтық жолмен рәсімделетін несиелерден қорғаудың жаңа тетіктеріне арналған. 150 АЕК-тен асатын онлайн несиелер үшін 24 сағаттық «ойлану кезеңі» енгізіледі: алдымен шартқа қол қойылады, кейін қарыз алушы бір тәулік күтіп, содан соң қаражатты алуға келісімін қосымша растайды.

Егер онлайн несие биометриялық сәйкестендірусіз рәсімделсе, ол жарамсыз деп танылады: банк немесе микроқаржы ұйымы қарызды есептен шығарып, ақшаны қайтарып, кредиттік тарихтағы жазбаны жоюға міндетті. Сондай-ақ, егер банк немесе микроқаржы ұйымы кредитке тыйым салу қызметі қосылып тұрған кезде рәсімдеу тәртібін бұзса, «ойлану кезеңін» сақтамаса немесе клиенттің келісімінсіз қарыз берсе, ал азамат алаяқтық ісі бойынша жәбірленуші деп танылса, мұндай несие де есептен шығарылуы мүмкін. Сонымен қатар, SIM-карталарды рәсімдеу кезінде міндетті биометриялық сәйкестендіру енгізіліп, байланыс операторлары алаяқтық мақсатта қолданылатын нөмірлерге бақылауды күшейтуге міндеттеледі.