Несиелер мәселесі | Стоп-кредит: несиелерге ерікті тыйым енді қалай жұмыс істейді
Енді несие алуға ерікті тыйымды азаматтың өзі кез келген уақытта орната алады. Мұны eGov арқылы, кредиттік бюроларда немесе eGov-пен ықпалдастырылған банк қосымшалары арқылы жасауға болады.
Стоп-кредит орнатылғаннан кейін тұтынушылық несиелер мен микрокредиттер берілмеуі тиіс. Дегенмен, кейбір ерекшеліктер сақталады: мысалы, бұрыннан бар қарызды қайта қаржыландыру, сол банктен несие алу немесе төлем картасы бойынша 150 АЕК-ке дейінгі лимитті пайдалану.
Егер банк немесе микроқаржы ұйымы тыйым енгізілгеннен кейін және ерекшелікке жатпайтын жағдайда несие берсе, мұндай несие есептен шығарылуға тиіс, ал есептелген айыппұлдар, мерзімі өткен берешек және кредиттік тарихтағы теріс жазбалар жойылады.