Несиелер мәселесі | Несиелеудің жаңа ережелері: мерзімі өткен берешек пен жиі қарыз алу несиеге қолжетімділікті шектеуі мүмкін
Несиелер мәселесі | Несиелеудің жаңа ережелері: мерзімі өткен берешек пен жиі қарыз алу несиеге қолжетімділікті шектеуі мүмкін
Банктер мен МҚҰ енді қарыз алушының табысын ғана емес, оның несиелік тәртібін де қатаң бағалай бастады. Банктегі 30 күннен асқан мерзімі өткен берешек немесе МҚҰ алдындағы бір күндік кешіктірудің өзі жаңа қарыз беруден бас тартуға негіз болуы мүмкін.
Қамтамасыз етілмеген несиелерді 5 жылдан астам мерзімге беруге тыйым салынды, ал 3 жылдан 5 жылға дейінгі несиелер енді тәуекелі жоғары санатқа жатқызылады.
Жаңа ережелер «алды — жапты — қайта алды» схемаларының алдын алуға және азаматтардың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған.