STOP МҚҰ | "Займер": заң бұзушылықтар тарихы
ҚНРДА «МҚҰ Робокэш.кз» ЖШС лицензиясының қолданылуын 2 айға тоқтатты. Осы кезеңде компания жаңа қарыздар бере алмайды.
Реттеушінің мәліметінше, мұндай шешім анықталған заң бұзушылықтар мен нұсқаманы орындамауға байланысты қабылданған.
Материалда Zaimer-ге қатысты 2021–2025 жылдары анықталған заң бұзушылықтар жинақталған: жарнама мен кредиттік бюроларға мәлімет беру мәселелерінен бастап, клиенттердің жеке деректерін шифрлаусыз және тиісті қорғаныссыз сақтауға дейін.
Сондай-ақ материалда МҚҰ секторындағы жүйелі мәселелер аясында реттеушінің нарықты өзін-өзі реттеуді неге ілгерілетіп отырғаны туралы мәселе көтеріледі.