Жаңалықтар | Қазақстандағы алаяқтық call-орталық

Жаңалықтар | Қазақстандағы алаяқтық call-орталық
Жаңалықтар | Қазақстандағы алаяқтық call-орталық

Жетісу облысының полициясы прокуратурамен бірлесіп интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қызметін тоқтатты.

Полиция мәліметінше, схеманы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны ұйымдастырып, жасырын call-орталық құрған.

Алаяқтар жәбірленушілерді әлеуметтік желілер мен Telegram арқылы тауып, ақшаны аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлерді пайдаланған.

Топтың әрекетінен 57 адам зардап шекті. Кейбір азаматтар 1 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылып, жалпы залал 63 миллион теңгеден асты.