Интернеттегі махаббат оған 12 миллион теңгеге түсті
Юрий Ли "Хабар" телеарнасындағы "7 Күн" бағдарламасында романтикалық алаяқтық туралы айтты.
Алаяқтар онлайн танысу алаңдарына бет бұрып, Threads желісінде махаббат іздеген адамдарды нысанаға алуда. ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті қазақстандықтарды жар немесе жұбай іздейтін жарияланымдарға ерекше сақтықпен қарауға шақырады. Мұндай хабарландырулардың артында сіздің сезіміңізге емес, әмияныңызға ғана қызығатын алаяқтар тұруы мүмкін. Әдетте олардың схемасы бірдей: хат алмасу, эмоциялық байланыс орнату және уақыт өте келе қаржылай көмек сұрау. Көпшілік мұндай аккаунттардың артында шынайы адамдар емес, жасанды интеллект тұруы мүмкін екенін білмейді. Фотосуреттер нейрожелілер арқылы жасалып, жарияланатын контент көбіне шаблондық сипатта болады.