WYP.KZ
зардап шеккендерге арналған өтініш үлгілері Ашу
ALEM CREDIT
зардап шеккендерге арналған өтініш үлгілері Ашу

«Қазақстанның Қылмыстық кодексінен бір талапты алып тастау керек» — депутаттың ұсынысы

«Қазақстанның Қылмыстық кодексінен бір талапты алып тастау керек» — депутаттың ұсынысы
«Қазақстанның Қылмыстық кодексінен бір талапты алып тастау керек» — депутаттың ұсынысы

Құрылтай депутаты Юрий Ли заңсыз өсімқорлыққа қарсы шығып, қаржы пирамидалары мен алаяқтық схемаларға қарсы күрес шараларын күшейтуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанның Қылмыстық кодексінде заңсыз банктік және микроқаржылық қызмет үшін жауапкершілік қарастырылған. Алайда қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысты қаржылық шығын мөлшеріне қойылатын талаптардың бірін қайта қарау қажет.

Юрий Ли қолданыстағы талапқа байланысты кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін келтірілген залал белгілі бір мөлшерге жетуі тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар депутат заңсыз сайттар мен қаржылық жарнамаларды жедел бұғаттауды, сондай-ақ интернетте азаматтардың жеке және биометриялық деректерін жинауға бақылауды күшейтуді ұсынды.

Ол азаматтарды алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертуге бағытталған жалпыұлттық ақпараттық науқан өткізуді де маңызды шаралардың бірі деп атады.

Бұған дейін Бас прокуратура соңғы екі жылда соттар қараған қылмыстық істер бойынша мемлекетке 66,5 миллиард теңге көлемінде залал келтірілгенін хабарлаған. Оның 30,1 миллиард теңгесі өндірілмеген.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz