Юрий Ли: "Проблемалық несиелерге қатысты жағдайды айтарлықтай жақсартуға болады"
"Диванные эксперты" жобасы аясындағы Марат Шибутовпен сұхбат. 17.11.2023
Қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нақты секторды несиелеу көлемінің төмендеуі аясында банктер қызметінің басым бөлігі тұтынушылық несиелер беруге ауысқанын атап өтті. Бұл өз кезегінде қаржы жүйесі үшін тәуекелдердің артуына және азаматтардың шамадан тыс қарыздануына алып келді. Мемлекет басшысы жағдайды түбегейлі жақсарту үшін жаңа жүйелі шараларды әзірлеп, қабылдауды тапсырды.
Қазақстандағы халықтың шамадан тыс қарыздану мәселесінің негізгі себептері қандай? Қаржы нарығына ең көп кері әсер ететін сегменттер қайсы? Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен микроқаржы ұйымдарының өзара іс-қимылы қаншалықты тиімді? Несиелік және қаржылық алаяқтардан қалай қорғануға болады?
Осы және өзге де мәселелерді саясаттанушы Марат Шибутов "Диванные эксперты" бағдарламасының жаңа шығарылымында "Қазақстанның қаржылық мәдениеті" қоғамдық қорының бас директоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Юрий Лимен талқылады.