WYP.KZ
зардап шеккендерге арналған өтініш үлгілері Ашу
ALEM CREDIT
зардап шеккендерге арналған өтініш үлгілері Ашу

БӨТЕН АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ. СІЗДІҢ ЖСН. НАҚТЫ БАНК ШОТЫ. БҰЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ БАЙЛАНЫСЫ БАР?

Елестетіп көріңіз: сіз банктің қызметтерін мүлде пайдаланбайсыз, бірақ сіздің атыңызға шоттар мен карталар ашылып қойған. Биометриялық сәйкестендіруден бөтен адам өткен. Құжаттарда сіздің деректеріңіз көрсетілген, алайда фотосуретте басқа адам бейнеленген.

Бұл жай ғана болжамды алаяқтық схема емес.

Біз 2025–2026 жылдары Home Credit Bank-ке қатысты шығарылған 10 сот қаулысын зерттедік.

Не анықталды?

— 13,4 млн теңге — 10 сот қаулысы бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы.

— 30,55 млн теңге — қаралған үш іс бойынша ғана үшінші тұлғаларға аударылған қаражат.

— Сот материалдарында бөтен адамдардың биометриялық сәйкестендіруден өтіп, өзге азаматтардың атына банк карталарын ашқан жағдайлары сипатталған.

Енді басты сұрақ: егер банк өз клиентін бөтен адамнан ажырата алмаса, сот шешімдерінен кейін не өзгерді?

Бізге «Стоп-шот» тетігі ұсынылып отыр. Бұл банктердің ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жетілдіруге, анықталған кемшіліктер мен олқылықтарды жоюға деген ынтасын төмендетпей ме?

«Стоп-шот» — қорғанудың пайдалы құралы. Алайда тек банк шоттарымен шектелмей, бүкіл қауіпсіздік жүйесін қорғау қажет.

Ол үшін қосымша ерікті тыйым салу тетіктерін енгізу керек:

«Стоп-SIM-карта»,

«Стоп-криптоаккаунт»,

«Стоп-электрондық әмиян»,

«Стоп-брокерлік шот»,

«Стоп-төлем аккаунты».

Тағы бір сұрақ: 10 сот қаулысынан кейін банктің жүйесіндегі анықталған осалдықтардың жойылғанын біреу тексерді ме?

Жалғасы бар. Келесі бөлімде — Нұрбанк.

Дереккөз: Stop_Piramida.kz