Қазақстанда SMS-бластерді пайдаланып, жаппай фишингтік хабарламалар таратқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
SMS-хабарламалар Beeline және Halyk Bank атынан жіберілгендей көрінген. Азаматтарға «бонустарды айырбастау» ұсынылып, сілтеме арқылы жалған сайтқа өту ұсынылған.
Одан кейін пайдаланушылардан аты-жөні, телефон нөмірі, банк картасының деректері, CVV коды және SMS арқылы келген растау коды сұралған. Осы мәліметтерді алғаннан кейін қаскөйлер жәбірленушілердің банк шоттарына қол жеткізіп, ақшаларын жымқырған.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, SMS-бластер қылмыскерлерге танымал ұйымдардың атынан фишингтік хабарламаларды жаппай таратуға мүмкіндік берген.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА)
https://t.me/afm_rk/3572