WYP.KZ
зардап шеккендерге арналған өтініш үлгілері Ашу
ALEM CREDIT
зардап шеккендерге арналған өтініш үлгілері Ашу

Қазақстан Астанада киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын құруды ұсынды

2026 жылғы 5 қарашада Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (UNODC) мен Интерполдың қолдауымен киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференция өтті. Іс-шараға 27 шет мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың өкілдері және цифрлық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар қатысты.

Конференция барысында Қазақстан Астанада қызметі Еуразия өңірін қамтитын киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру бастамасын көтерді.

Қазақстан ІІМ қандай нәтижелерді ұсынды?

Ведомствоның мәліметінше, шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде:

  • Қазақстанда және шетелде ондаған алаяқтық call-орталықтары жойылды.

  • 3,5 млрд теңге көлеміндегі ұрланған қаражат бұғатталды.

  • Жәбірленушілерге 5,6 млрд теңге қайтарылды.

  • Соңғы екі жылда елдегі интернет-алаяқтық фактілері 21%-ға азайды.

Халықаралық ынтымақтастық не үшін қажет?

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қазіргі қылмыстық топтардың жасанды интеллектіні, дауыс пен бейнені қолдан жасауды, криптовалюталарды және анонимді цифрлық платформаларды белсенді пайдаланатынын атап өтті.

Алаяқтар, олардың құрбандары және ұрланған қаражат көбінесе әртүрлі мемлекеттерде орналасады. Сондықтан халықаралық бірлескен тергеулер жүргізу және жедел ақпарат алмасу ерекше маңызға ие.

Қандай шешімдер қабылданды?

Конференция қатысушылары құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, электрондық дәлелдемелермен алмасу, бірлескен тергеулерді дамыту және мамандарды даярлау мәселелерін қамтитын Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Сондай-ақ киберқауіптерді талдаумен, трансұлттық қылмыстық схемаларды анықтаумен және мамандардың біліктілігін арттырумен айналысатын БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру мәселесі талқыланды.

Қазіргі уақытта Қазақстан ІІМ БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп болашақ орталықтың тұжырымдамасын әзірлеуде.

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі