Мьянма билігі адамдарды заңсыз ұстап, азаптап немесе оларды интернет-алаяқтық орталықтарында жұмыс істеуге мәжбүрлейтін тұлғаларға өлім жазасын енгізуді көздейтін заң жобасын жариялады.
Әңгіме Оңтүстік-Шығыс Азияда жұмыс істейтін «интернет-алаяқтық фабрикалары» туралы болып отыр. Мұндай орталықтар романтикалық алаяқтықты, жалған инвестициялық жобаларды және криптовалюталық схемаларды пайдаланып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды алдайды.
Заң жобасына сәйкес, мәселе Мьянмадағы азаматтық соғыс салдарынан күрделене түскен. Елдегі тұрақсыздық ұйымдасқан қылмыстық топтарға адамдарды заңсыз ұстап, интернет-алаяқтыққа мәжбүрлейтін қорғалған кешендер құруға мүмкіндік берген.
Құжатта сондай-ақ алаяқтық орталықтарының ұйымдастырушыларына және криптовалюталық алаяқтыққа қатысушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылған. Бұдан бөлек, осы қылмыстық индустриямен күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейту үшін арнайы комитет құру көзделген.
ФБР мәліметінше, тек АҚШ-та ғана өткен жылы осындай схемалардың құрбандары 20 млрд АҚШ долларынан астам қаржысынан айырылған.
Дереккөз:
Channel NewsAsia. Myanmar proposes death sentence for cyberscam offences.