WYP.kz қызметінен зардап шеккендерге арналған құқық қорғау органдарына өтініш үлгісі Ашу Жүктеп алу
Төлем мерзімін кейінге шегеру туралы банкке берілетін өтініш үлгісі Ашу Жүктеп алу

Цифрлық даму министрлігі eGov-тан деректердің таралуы туралы ақпаратты жоққа шығарды: даркнеттегі файлдар туралы не белгілі?

Бұған дейін даркнетте сатушының мәлімдеуінше, Қазақстанның шамамен 15 млн азаматының деректері бар массивті сату туралы хабарландыру пайда болды. Хабарландыру авторы бұл деректер eGov жүйесін бұзу нәтижесінде алынғанын мәлімдеген.

Сатушы не мәлімдеді?

Хабарландыруда шамамен 15 млн қазақстандықтың деректері 0,5 BTC-ге сатылатыны айтылған.

Сатушының мәлімдеуінше, массивте аты-жөні, ЖСН, телефон нөмірлері, туған күндері, жұмыс орны туралы мәліметтер, парольдердің хештері, құжаттардың скан-көшірмелері және басқа да ақпарат болған.

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі eGov-тан деректердің таралуы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство уәкілетті органдармен бірлесіп техникалық тексеру жүргізіп, eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылғанын анықтаған жоқ.

Сонымен қатар министрлік даркнетте сатылымға қойылған файлдарға қол жеткізіп, оларға талдау жүргізді.

Тексеру нені көрсетті?

Министрліктің мәліметінше, сатылымға қойылған массив әртүрлі файлдар мен суреттер жиынтығынан тұрады және eGov жүйесінен алынған деректердің көшірмесі емес.

Ведомствоның мәліметінше, бұған басқа да фактілер дәлел:

  • сатушы мәлімдеген массивтің көлемі мен мазмұны бір-біріне қайшы келеді;
  • eGov жүйелерінде хабарландыру авторы көрсеткен форматтағы паспорттардың скан-көшірмелері бар база жоқ;
  • цифрлық құжаттар eGov жүйелерінде басқа тәсілмен қалыптастырылады және сақталады.

Осылайша, министрлік eGov жүйесі бұзылмағанын және оның жүйелерінен Қазақстанның 15 млн азаматының деректері алынғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді.

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.