Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы қаржылық қауіпсіздік бойынша дәріс
Аға буын өкілдерінің қаржылық қауіпсіздігін арттыру мақсатында Stop Piramida жобасының командасы Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында ағартушылық кездесулер циклін өткізуде.
Дәрістер барысында қатысушылар телефон және интернет-алаяқтықтың ең кең таралған түрлерімен танысып, алаяқтарды қандай белгілер арқылы анықтауға болатынын және қаржылық шығындардың алдын алуға көмектесетін сақтық шаралары туралы біледі.
Кездесулерде алаяқтықтың өзекті түрлеріне, жәбірленушілерге психологиялық ықпал ету тәсілдеріне, сондай-ақ жеке деректерді, банк шоттары мен жинақтарды қорғауға арналған практикалық ұсынымдарға ерекше назар аударылады. Қатысушылар өздерін немесе жақындарын алаңдататын сұрақтарды қойып, нақты өмірлік жағдайларды талқылауға мүмкіндік алады.
Жоба егде жастағы азаматтардың ақпараттану деңгейін арттыруға және цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған.