"Қазатомпром" ҰАК" АҚ қызметкерлеріне арналған "Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл" семинары
Астанада Fingramota.kz жобасы аясында "Қазатомпром" ҰАК" АҚ және оның еншілес кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған "Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында семинар өтті.
Қатысушылар алаяқтық схемаларын, оларды анықтау тәсілдерін және қорғану жолдарын қарастырды. Тыңдаушылар қатарында "Семізбай-U" ЖШС, "KAP Technology" ЖШС, "КАТКО" БК" ЖШС және басқа да кәсіпорындардың қызметкерлері болды.
Спикерлер, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ Stop-Piramida.kz және Alayaq.net жобаларының мамандары нейрожелілер мен басқа да заманауи технологияларды қолданатын алаяқтық түрлерін қоса алғанда, кең таралған алаяқтық схемалары туралы айтып, қауіпсіздік ережелерімен бөлісті және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қаржы реттеушісімен жасалған меморандум аясында "Қазатомпром" ұйымдастырған семинар тәжірибе алмасу және қатысушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру алаңына айналды.