Turan-Astana University студенттеріне арналған қаржылық сауаттылық тренингі
Студенттер үшін дропперлік, әлеуметтік желілердегі алаяқтық және кибералаяқтықтың өзге де түрлері тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында студенттерге кибералаяқтықтың жаңа түрлері, интернет арқылы қылмыстық схемаларға тарту тәсілдері және мұндай әрекеттерге қатысудың құқықтық салдары туралы айтылды. Ерекше назар дропперлік мәселесіне аударылды — қылмыстық жолмен алынған қаражатты аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін үшінші тұлғаларды пайдалану тәжірибесі түсіндірілді. Лектор алаяқтардың құрбанына айналмау жолдарын, назар аудару қажет негізгі белгілерді және алдын алу шараларын түсіндірді.