Ақпарат | Дропперлер үшін қылмыстық жауапкершілік
Ақпарат | Дропперлер үшін қылмыстық жауапкершілік
Банк картасын, банктік шотты немесе онлайн-банкингке қолжетімділікті сыйақы үшін үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
Жаңа бап дропперлерге — алаяқтар ұрлаған ақшаны қабылдау және шығару үшін пайдаланылатын адамдарға қарсы бағытталған.
Дропперлердің барлық банк шоттары бұғатталуы, күдікті тұлғалар тізіліміне енгізілуі, несие, қарыз және жаңа банк карталарын алуда қиындықтарға тап болуы, сондай-ақ жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұл шаралар Қазақстан азаматтарына ғана емес, осындай схемаларға қатысатын шетел азаматтарына да қолданылады.