Қаржы пирамидасы | Ақпарат | «Warner Bros»: ұйымдастырушы кінәлі деп танылды
Қаржы пирамидасы | Ақпарат | «Warner Bros»: ұйымдастырушы кінәлі деп танылды
Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) адамдарға трейлерлерді көргені үшін табыс тауып, USDT түрінде кіріс алуды ұсынған Warner Bros қаржы пирамидасы бойынша тергеуді аяқтады.
Сот ұйымдастырушыны қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша кінәлі деп таныды.
3,8 миллион USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды, ұйымдастырушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, ал 40 жәбірленушінің азаматтық талаптары қамауға алынған криптоактивтер есебінен өтелетін болады.