Қаржы пирамидасы | Ақпарат | "WarnerBros": құрылымдық бөлімше жетекшісіне үкім шығарылды
Қаржы пирамидасы | Ақпарат | "WarnerBros": құрылымдық бөлімше жетекшісіне үкім шығарылды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қызылорда облысында «WarnerBros» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің жетекшісіне қатысты сот үкімі шығарылды. Жоба қатысушыларына күн сайын жоғары табыс уәде етіліп, құны 10 000 теңгеден 11 000 000 теңгеге дейінгі VIP-пакеттер ұсынылған. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, сондай-ақ 3 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Бейнероликте жобаның жұмыс істеу схемасын талдап, қаржы пирамидаларының негізгі белгілерін қарастырамыз.