Тәуекелі жоғары инвестициялар | Ақпарат | "Proportunity.kz": Шағымдардан сот үкіміне дейін
"Proportunity.kz" жобасы "исламдық" инвестициялар деген желеумен қаражат тартып, шариғат талаптарына сай табыс уәде еткен.
2024 жылғы 26 маусымда StopPiramida.kz жобаның талдауын жариялап, тәуекелдер туралы ескерткен болатын.
Араға екі күн салып, компанияның негізін қалаушы жарияланымды өшіруді талап еткен ресми талап-хат жолдап, алаяқтық белгілерін жоққа шығарды.
Кейін іске AFSA мен мемлекеттік органдар араласып, заң бұзушылықтар анықталып, материалдар сотқа жетті.
Сот үкімімен Баев Арман Ғабитұлы аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 47 жәбірленушінің 200 миллион теңгеден астам сомадағы талаптарын қанағаттандырды.