Жалған TikTok дүкені | «VIK49870»
Жалған TikTok дүкені | «VIK49870»
Алаяқтар әйелдер киімін сататын жалған TikTok дүкенін құрып, төлемді жеке тұлғаның банк картасына қабылдайды. Ақша түскеннен кейін олар карта иесіне аударым қателесіп жасалғанын айтып, қаражатты басқа банк картасына жіберуді сұрайды. Осылайша алаяқтар ұрланған ақшаны шығару үшін дропперлерді пайдаланады.
Бұл бейнероликте аталған схеманың қалай жұмыс істейтінін, неге ақшаны үшінші тұлғаларға аударуға болмайтынын және шотыңызға «қате аударым» түскен жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігін түсіндіреміз.