Жалған инвестициялық жоба | "Kaspi AI" жарнамасында ҚР ҚНРДА Төрағасының дипфейкі қолданылған
Жалған инвестициялық жоба | "Kaspi AI" жарнамасында ҚР ҚНРДА Төрағасының дипфейкі қолданылған
Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мадина Ерасылқызы Әбілқасымованың дипфейкі қолданылған псевдоинвестициялық жобаның жарнамасы таратылуда. Пайдаланушыларға оңай табыс уәде етіліп, жобаның мемлекеттік органдармен байланысты екені туралы әсер қалыптастырылады.
Мұндай ақпаратты әрдайым ресми дереккөздер арқылы қайта тексеріңіз. Мемлекеттік қызметшілер мен танымал тұлғалардың бейнелерін рұқсатсыз пайдалану осындай ұсыныстардың шынайылығы туралы жалған әсер қалыптастыруы мүмкін.