Жалған инвестициялар | Президенттің дипфейкі қолданылған “Казатомпром жобасының” жарнамасы
Әлеуметтік желілерде дипфейк қолданылған жалған жарнама қайтадан таралып жатыр. Бейнероликте Қазақстан Президентінің бейнесі күніне 400 000 теңгеге дейін оңай табыс табу мүмкіндігін жарнамалау үшін пайдаланылған.
Мұндай видеолар жасанды интеллект көмегімен жасалады: экрандағы адам шын мәнінде айтпаған сөздерді айтып тұрғандай көрінеді. Алаяқтар дипфейктерді жалған инвестициялық схемаларға, қолдан жасалған сайттарға және жылдам табыс туралы уәделерге сенім қалыптастыру үшін пайдаланады.
Материалда ақпарат көзін тексеру, мәліметтерді тек ресми аккаунттар мен сенімді БАҚ арқылы растау, күмәнді сілтемелерге өтпеу және “шұғыл мүмкіндік” үшін ақша аудармау қажеттігі еске салынады.