Жалған инвестициялар | Халықтық IPO мен халықаралық брендтердің атын жамылған алаяқтар
Жалған инвестициялар | Халықтық IPO мен халықаралық брендтердің атын жамылған алаяқтар
Instagram, Facebook және YouTube платформаларында алаяқтардың жарнамасын кездестіру бұрыннан қалыпты жағдайға айналды. Бір қарағанда мұндай жарнамаларды шынайы компаниялардың жарнамасынан ажырату қиын болуы мүмкін.
Өз схемаларын насихаттау үшін алаяқтар танымал тұлғалардың суреттері мен сөздерін пайдаланады, инвестициялық қызмет көрсету туралы жазбаша шарт жасауға дайын екендерін көрсетеді, инвестициялық компаниялардың жалған лицензияларын таратады және құжаттарында “ҚазМұнайГаз”, “Halyk Finance” сияқты отандық компанияларға, сондай-ақ “Халықтық IPO” бағдарламасына сілтеме жасайды.