Қаржы пирамидасының белгілері | Ақпарат | "NBC TV": Тергеу аяқталды
Қаржы пирамидасының белгілері | Ақпарат | "NBC TV": Тергеу аяқталды
Алматы қаласы бойынша ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) NBC TV қаржы пирамидасы бойынша тергеуді аяқтады.
Жоба салымшыларды сайт пен WhatsApp арқылы тартып, бейнероликтерді көргені үшін табыс және жаңа қатысушыларды шақырғаны үшін бонустар уәде еткен.
Ақша криптовалютаға айырбасталып, анонимді әмияндарға шығарылған. 528,5 миллион теңге көлеміндегі криптовалютаға тыйым салынып, іс сотқа жолданды.