STOP МҚҰ | "Alem Credit" борышкерлерден қалай пайда табады?

STOP МҚҰ |
STOP МҚҰ | "Alem Credit" борышкерлерден қалай пайда табады?

"Alem Credit" заңсыз несие берушісі борышкерлердің есебінен қалай байып жатыр?

Төлем мерзімін өткізіп алғаны үшін олар күніне 5,86% айыппұл салады! Ал ҚР Ұлттық Банкі белгілеген ресми шекті мөлшер — күніне 0,3%-дан аспауы тиіс. Яғни, бұл заңсыз платформа бекітілген шектен шамамен 20 есе асырып жіберген!