STOP МҚҰ | "Alem Credit": Зардап шеккендердің қателігін қайталамаңыз!
Stop-Piramida.kz жобасына Alem Credit платформасын пайдаланушылардан өтініштер келіп түсуді жалғастыруда. Адамдар психологиялық қысым көрсету, туыстарына қоңырау шалу, қарыз сомасының күрт өсуі және қарыз алушыларда күмән тудыратын басқа да әрекеттер туралы хабарлауда.
Біз үрейге бой алдырмауға, психологиялық қысымға берілмеуге, сондай-ақ қарызды «қатырып қоямыз», «есептен шығарамыз» немесе қарыз сомасын едәуір азайтамыз деген уәделерге сенбеуге кеңес береміз.
Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз, Stop-Piramida.kz жобасына тегін кеңес алу үшін хабарласыңыз. Сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгінуге арналған арыз үлгілерін ұсынамыз.