STOP МҚҰ | "Alem Credit": мемлекеттік органдардың ресми жауаптары
Stop-Piramida.kz жобасы "Alem Credit" қызметіне байланысты фактілер бойынша мемлекеттік органдарға өтініштер жолдауды жалғастыруда.
Қазіргі уақытта ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен және ҚР Бас прокуратурасынан жауаптар алынды.
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті біздің өтінішіміз бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Өз кезегінде ҚР Бас прокуратурасы біздің өтінішімізді қарау үшін Алматы қаласының прокуратурасына жолдады.
Жағдайды бақылауды жалғастырамыз және мемлекеттік органдардың ресми жауаптарын келіп түсуіне қарай жариялап отырамыз.