STOP МҚҰ | “Alem Credit”: Несие рәсімдеу дропперге айналдыруы мүмкін бе?

STOP МҚҰ | “Alem Credit”: Несие рәсімдеу дропперге айналдыруы мүмкін бе?
STOP МҚҰ | “Alem Credit”: Несие рәсімдеу дропперге айналдыруы мүмкін бе?

“Alem Credit” несие платформасының қызметін пайдаланатын азаматтарды ескертуімізді жалғастырамыз.

Бұл шығарылымда қарыз алғаннан кейін қарыз алушының банк шоттарын Антифрод-орталық бұғаттаған жағдайды талдаймыз. Бұған несие қаражатының басқа адамның банк картасынан алаяқтық жолмен есептен шығарылып, кейін қарыз ретінде берілгені себеп болған.

Соның салдарынан қарыз алушы өзі байқамай алаяқтық схемаға қатысушыға айналып, банк шоттарының бұғатталуына және құқық қорғау органдарының тексерулеріне тап болуы мүмкін.

Сондай-ақ платформа сайтында АХҚО резиденті шығарған виртуалды халықаралық карталардың деректемелері жарияланғанына назар аударамыз. Бұл карталар дропперлік карталар ретінде пайдаланылады.